102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Түркістандық полицейлер сервистік полиция аясындағы жұмыстарды жандандыруда

9 марта, 2022
0
Түркістандық полицейлер сервистік полиция аясындағы жұмыстарды жандандыруда

Түркістан облысы Төлеби төрінде Департамент бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтің тапсырмасымен ауқымы кең шара ұйымдастырылды. Іс-шараға Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Асылжан Қалдарбеков, Төлеби ауданының әкімі Төлеген Тұртайұлы, мәслихат хатшысы Нұрлан Хамзаұлы, Төлеби АПБ-нің бастығы полиция подполковнигі Бауыржан Жанаев, Түркістан облысына қарасты 17 ауданындағы  ішкі істер органдарының ардагерлері, полицияның жеке құрамы мен БАҚ өкілдері қатысты.

Ең алдымен Асылжан Қалдарбековтың басқаруымен және Кадр саясаты басқармасының бастығы полиция полковингі Мақсат Асқаровтың, ішкі істер органдарының ардагерлер алқасының төрағасы Оспанғазы Жанқожаевтың, облыстағы тәртіп сақшыларының қатысуымен Төлеби АПБ-нің мәжіліс залында семинар жиналыс өткізілді.

Онда Түркістан облысын қылмыссыз аумақ қатарында болуы, алдағы жоспарлар, ҚР Президентінің Жолдауларында айтылған тапсырмалар, «Жаңа Қазақстан» бағдарламасы, «Полицияның сервистік модельге көшуі»,  халыққа ашық әрі қолжетімді ету аясындағы жұмыстар талқыланып, пысықталды.

Осыдан соң ТО ПД бастығының «Алғыс хатымен» аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы мен мәслихат хатшысы Нұрлан Хамзаұлына тарту етілді. Сонымен қатар ІІО ардагерлер кеңесінің мүшелері де қылмыстық ахуалдың тұрақтылығына үлес қосқандары үшін марапатталды. Ал қызметтік міндеттерін адал атқарып, қылмысты ізін суытпай ашқандары үшін ТО ПД-нің «Алғыс хатымен» полиция майоры Жандос Оразбеков пен полиция капитаны Нұрқожа Исмаилов марапатталды.       Одан кейін іс-шара спорттық сайыстармен жалғасын тапты. Алғаш болып, «Макаров» тапаншасымен атыс жарысы өткізілді. Полицей үшін дәлдік пен шапшаңдық өте қажет қасиет болса, бұл байқауда полицейлердің жылдамдығы, көздеген нысанасынан мүлт кетпейтіндігі сынға түсті.

Иә, полицей шымыр, шапшаң, спортқа бейім, шыныққан болуы қажет. Бұл үшін тәртіп сақшылары күнделікті салауатты өмір салтын ұстанып, арнайы жаттығуларды тұрақты жасап отырады. Осы орайда Түркістан облысының полицейлері, ішкі істер саласының ардагерлері, 17 ауданның кадр жөніндегі орынбасарлары командасы, «Төлеби отбасы үлгісіндегі балалар ауылының»  2 командасының қатысуымен кіші футболдан жарыс өтті.

Бұл шараның негізгі мақсаты — салауатты өмір салтын ұстануға жастарды бағыттау, яғни полицейлер мен зейнеткер ішкі істер орган қызметкерлерінің дағдыларын  үлгі ету.

Жасыл алаңда өздерінің жүйрігін көрсеткен командалар, керемет ойын үлгісін көрсетті. Төлеби ауданының әкімі Т.Телғараев пен ТО ПД бастығының орынбасары А.Қалдарбековтер сөз сөйлеп, спортшы жастарға, полицейлерге алғыстарын жеткізді. Соңында жеңімпаздар марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.

«Өлі риза болмай, тірі байымас» деген сөзді алға тартқан полицейлер, одан әрі жұлдызы ерте сөнген әріптестеріне арнап гүл шоқтарын қою рәсімін өткізді. 1 минут үнсіздікпен еске алды. Полиция полковнигі А.Қалдарбеков: «Қызмет бабында қайтыс болған тәртіп сақшыларының есімі әрдайым жүрегімізде. Олардың ерен еңбектері, халықтың тыныштығы үшін атқарған жұмыстары, ерліктері ешқашан ұмытылмақ емес. Осындай азаматтарымыздың батырлық әрекеттері кейінгі жастарға үлгі болмақ!» -деп атап өтті.

Іссапар барысында А.Қалдарбеков Алатау ауылдық округіндегі «Модульді» учаскелік тірек пунктінің жұмысымен танысты. Учаскелік полиция пунктіне барған ТО ПД бастығының орынбасары, ғимараттың  материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, интернет-байланыс және жылумен жабдықтау сапасына, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуына ерекше назар аударды. Одан бөлек учаскелік полиция инспекторларына халықпен тығыз байланыста болып, хал-жағдайларын білуде, олардың мәселелерінен әрқашан хабардар болып отыруда қарқынды қызмет ету керектігін атап өтті. Барлық учаскелік тірек пунктері ҚР ІІМ талабына сай болуы тиіс. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды күн тәртібінен түсірмейміз деп қорытындылады — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Іс-шара соңында Түркістан облысының қызмет бабында қаза тапқан полицейлерінің әруақтарына құран бағышталды.

ShareTweetPin
Next Post
Полицейлер күн сәулесінен қуат алатын  құрылғының аккумуляторларын  ұрлаған күдіктіні  ұстады

Полицейлер күн сәулесінен қуат алатын құрылғының аккумуляторларын ұрлаған күдіктіні ұстады

Түркістан облысында қорықшыға күш көрсеткен жас жігіттер ұсталды

Түркістан облысында қорықшыға күш көрсеткен жас жігіттер ұсталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым