Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов атап өткендей: «Өткен жылдың желтоқсан айында Сайрам ауданының тұрғыны біздің назарымызға түсті. Негізінен ол бұрын сотты болған ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі. ҰҚТ қарақшылықпен, бопсалаумен, тонаумен, қару-жарақ пен есірткі құралдарының заңсыз айналымымен айналысқан.
Криминалдық полиция қызметкерлері Сайрам ауданының аумағында ойын бизнесін ұйымдастыруға қатысы бар ҰҚТ қатысушысын анықтау бойынша жедел іс-шараларды бір жарым ай бойы жүргізді.
Бірлескен операция нәтижесінде Түркістан облысы бойынша криминалдық полиция және экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Кентау қаласынан күдіктіні ұстады. Оны қалалық полиция бөлімінің УҰИ-ға қамады. Тергеу барысында ер адамның ойын бизнесін ұйымдастыруға және оны қолдап отырғаны, сондай-ақ оның ұйымдасқан қылмыстық топ құруға қатысы бар екендігі дәлелденді.
Аталған жайт ҚК-нің 307-бабының 2-бөлігі «заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру» және ҚК-нің 1 және 2-бөлімдерінің 262-бөлігі «ұйымдасқан топты, қылмыстық ұйымды құру және оған басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу» бойынша тіркелді — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған адамның басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.»- деп қорытындылады полиция подполковнигі.




