102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Әріптес келбеті

Учаскелік полиция инспекторлары көлігі бұзылған тұрғынға көмектесіп, алғыс алды

15 февраля, 2022
0
Учаскелік полиция инспекторлары көлігі бұзылған тұрғынға көмектесіп, алғыс алды

Полиция қызметкері болу үшін білім, тәжірибеге толы жылдар, білектің күші керек. Сабыр мен төзім, қажыр-қайрат қажет. Тез шешім қабылдап, жылдам әрекет ете білу қабілеті үнемі алғашқылардың қатарында. Ұстамды болуы, азаматтармен тіл табыса білуі, сыпайы болуы да аса маңызды. Ішкі істер саласында осындай толып жатқан талаптардың үдесінен шығуға баса назар аударатындардың бірі — учаскелік полиция инспекторлары. Олар өздеріне бекітілген аймақтың тыныштығын сақтайды. Көмек қажет болса, бірінші кезекте жандарынан табылады.

Мәселен, Бәйдібек АПБ-ның учаскелік полиция инспекторлары полиция лейтенанты Оралбай Канадилов пен Ержан Оспанов екеуі, өз аумақтарын түнгі уақытта қарап жүрген сәтте, көлігі бұзылып тұрған жүргізушіге көмек қолын созды. Яғни полицейлер, түнгі сағат 21:00 шамасында Созақ-Шаян облыстық маңызы бар тас жолында Шаян ауылына кіреберіс жолда тоқтап тұрған «Опель-Вектра» маркалы автокөлікті байқап, қасына жетеді. Содан жүргізуші көлігі бұзылып тұрғанын алға тартады. Мұны естіген полицейлер бірден жәрдем беруге кірісіп, көлікті қарап шыққан. Болмаған соң, өздерінің қызметтік көліктерімен тұрғынның көлігін сүйреп, діттеген жеріне дейін жеткізді.

Өз кезегінде жергілікті тұрғын Ж.Рысқұлбеков полицейлерге алғысын білдірді. «Шымкенттен келе жатқан бетім еді. Аяқ-асты көлігім жүрмей қалды. Енді не істеймін деп тұрғанымда, өтіп бара жатқан полицейлер тоқтап, менің жағдайымды сұрап, барынша жанашырлық танытты. Және барар жеріме көліктерімен сүйреп апарып тастады. Үлкен рақмет! Алла разы болсын сіздерге!»-деп ризашылығын жеткізді.

Негізінде, ТО ПД-нің учаскелік полиция инспекторлары халықпен өзара байланыстың тиімділігін арттыру мақсатында жедел-профилактикалық іс-шараларға белсенді түрде қатысады. Әрбір учаскелік полиция инспекторы тұрақты түрде өзінің әкімшілік аумағындағы тұрғын үймен пәтерлерді аралап шығып, тұрғындарға өздерін таныстырған. Жақыннан олардың жағдайларын біліп, келеңсіз жайттардың алдын алу мақсатында телефон нөмірлерін беріп, қылмыссыз аула құру аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.

ShareTweetPin
Next Post
Түркістан облысының полицейлері тұрғыннан тіркелмеген шолақ мылтық тәркіледі

Түркістан облысының полицейлері тұрғыннан тіркелмеген шолақ мылтық тәркіледі

Полицейлер жалғызбасты анаға көмектесіп, қайырымдылық жасады

Полицейлер жалғызбасты анаға көмектесіп, қайырымдылық жасады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым