102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Әріптес келбеті

Еріктілермен бірге елдің алғысына бөленіп жүрген полицей Әнес

24 января, 2022
0
Еріктілермен бірге елдің алғысына бөленіп жүрген полицей Әнес

Әнес Асқарұлы Нұрмағанбетов бүгінде өзінің іскерлігімен көзге түсіп, басшылық тарапынан марапаттарға ие болып жүрген жедел уәкіл. Әнесті Түркістан облысы мен Шымкент қаласында жоғалған адамдарды тауып беріп, мұқтаждарға көмек көрсетіп жүрген еріктілер тобы да жақсы таниды. Себебі тәртіп сақшысы болған соң және жедел уәкіл қызметін атқарғандықтан қылмыс орын ала қалса оны ашып, кінәліні анықтап ұстау осы маманның мойнында. Сондықтан тәжірибесіне сүйеніп, әккі қылмыскерлерді ұстап, арызданушылардың ұрланған не болмаса тоналған мүліктері қайтарылғанда азаматтар алғыстарын аямай айтып жатады. Бірі тікелей келіп қолын қысып, сәттілік тілеп жатса, ендігілері өздерінің жүрек жарды тілектерін, әлеуметтік желі арқылы да жолдап, ризашылықтарын жеткізеді. Оған мына жайт дәлел болмақ.

Мәселен таяуда ғана полиция подполковнигі Әнес Асқарұлының атына инстаграм желісі арқылы алғыс айтылды.

«Кезекті рет өз алғысымды жоғалған адамды табуға көмектескендерге айтқым келеді!!! 1948 жылы анамның немере ағасы Зыков Николай жоғалды. Таңертең ғана оны жоғалды деп айтқан едік, ал түскі уақытта ол аман есен табылды, бұл бір адам сенгісіз жағдай!!! Және оны табуға біздің әрқашанда адал көмекшіміз Түркістан қаласы Криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Нұрмағанбетов Әнес Асқарұлы көмектесті. Бұл әлемде сіз сияқты мейірімді және қайырымды адамдар көп болсын!!! Күшіңіз бен уақытыңызды аямай, өз ісіңізге және жан-тәніңізбен берілгеніңіз үшін сізге шын жүректен алғыс айтамыз!!!», — деп ағынан жарылған желі қолданушыларының бірі.

Бұл оқиға жайлы парақшадан көре сала, Әнестің өзімен сөйлестік…

«Өздеріңіз білесіздер, тұрғындардың көпшілігі желіні пайдаланады. Әлеуметтік желіге жазғандарын дұрыс деп есептеп, түрлі парақшаларда мәселелерін жариялайды. Бірақ желіге кіріп, мониторинг жасап отыру менің міндетіме кірмейді. Себебі қылмыс тіркеле салысымен күдіктілердің ізіне түсіп, оларға қатысты айғақтарды іздеу, тергеушімен бірге тығыз байланыста жұмыс істеу жедел уәкілдің міндеті болған соң, бос уақытым бола бермейді. Алайда желіге күн сайын бір кіріп, көмекке мұқтаждар бар ма соны қарап шығуды әдетке айналдырып алыппын. Қолыма смартфон тисе бірден жоғалған адамдарды іздейтін солар туралы мәлімет жариялайтын еріктілердің, тұрғындардың парақшаларын қарап шығамын. Яғни «Шымкент қаласының еріктілері» атты желіде танымал топпен жиі байланысып отырамын. Шымкент пен Түркістан қалалары бойынша көмек қажет болса бірден байланысып, қолымнан келгенше бар мүмкіндігімді пайдаланып, жәрдем беруге тырысамын. Бұл оқиға да солай. Әдеттегідей парақшаны ашқан уақытта ер кісінің жоғалғанын көрдім. Бірден көмекке ұмтылдым. Ізденгенім өз нәтижесін беріп, жоғалған адам дін аман отбасына қайтарылды. Қазіргі таңда еріктілермен байланысып, осындай жайттар бойынша көмектесіп жүргеніме екі жыл болып қалды. Жоғалғандар, адасқандар аман есен табылып, жақындарына табысталғанда өзім де ерекше қуанамын. Алғыс алсам жұмысқа деген құлшынысым тіпті артады. Жақсылық істеген адамға рахат сезім сыйлайды. ТО ПД бастығы генералымыз Қайрат Дәлбеков  «әркез біздің қызметте ең жоғары баға — халықтың алғысы» дейді. Сондықтан басшымыздың осы ұстанымын ұстана отырып, алғыс алуға тырысамын.», — дейді еріктілердің сенімді көмекшісі, киелі өңірдің тәртіп сақшысы Әнес.

Жақсылық жасап, алғыс алу игі істердің бірі болса, баршамыздың ұстанған ұлттық бағытымыз осы болғай! Жақындарымыз жоғалмасын, жоғалса дін аман табылсын. Жақсылық жасап, көмек көрсетуден жалықпайық!

ShareTweetPin
Next Post
Түркістан полицейлері өзгенің үйін өртеп, 10 000 000 теңге шығын келтірген күдіктіні ұстады

Түркістан полицейлері өзгенің үйін өртеп, 10 000 000 теңге шығын келтірген күдіктіні ұстады

Түркістан облысының полицейлері сатылымда тұрған ұялы телефонды ұрлаған шымкенттік әйелді ұстады

Түркістан облысының полицейлері сатылымда тұрған ұялы телефонды ұрлаған шымкенттік әйелді ұстады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым