102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Түркістан облысында полицейлер жылқы ұрлаған күдіктілерді ұстады

12 октября, 2020
0
Түркістан облысында полицейлер жылқы ұрлаған күдіктілерді ұстады

Сайрам ауданы полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғын түнгі уақытта белгісіз тұлғалардың ауласына кіріп, екі жылқыны алып кеткені туралы арызданған-деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша СДТТБТ-ға тіркеді, жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы сомасы 700 мың теңгені құрады.
Мал ұрлығын ашу мақсатында Сайрам АПБ-інде аса тәжірибелі полицейлер қатарынан жедел-тергеу тобы құрылды, жедел уәкілдер учаскелік инспекторлармен бірге жақын маңдағы барлық жайылымдар мен шаруашылық аулаларды аралап, куәгерлерден сұрастырып, үй малын тасымалдайтын автокөліктерді мұқият тексеріп, барымташыларды іздестіру және ұстау бойынша басқа да іс-шараларды жүзеге асырды.
Бір аптадан кейін жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Сайрам АПБ полиция қызметкерлері Шымкент қаласынан үш күдіктіні ұстады. Олардың бірі жәбірленушінің ұлы, ал қалған екеуі мегаполистің тұрғындары болып шықты. Ұсталғандарды аудандық полиция басқармасына жеткізді. Күдіктілер мал ұрлығын пайдакүнемдік мақсатта жасағанын мойындады.
Тергеу көрсеткендей, күдіктілер үй ауласының жанында байланған екі жылқыны ұрлап, қылмыс орнынан қашып кеткен. Содан кейін олар ұрланған малды сатып, ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Ұрланған жылқыларды тәртіп сақшылары тәркілеп алып, заңды иесіне қайтарды.
Қазіргі уақытта бөтеннің мүлкін ұрлау жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілер қолхатта. Полицейлер оқиғаның мән-жайын және мал ұрлығының басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтап жатыр.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері ауыл тұрғындарына қырағы болуға және үй малын қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Егер сіз біреудің мүлкін ұрлаудың немесе мал ұрлығының құрбаны немесе куәгері болсаңыз, дереу полицияға 102 нөміріне хабарласыңыз.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

ShareTweetPin
Next Post
Үйінен шығып кетіп, із-түссіз жоғалған 14 жасар қыз Шымкент қаласынан табылды

Үйінен шығып кетіп, із-түссіз жоғалған 14 жасар қыз Шымкент қаласынан табылды

Жетісай ауданының полицейлері жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін екі жүргізушіні жауапқа тартты

Жетісай ауданының полицейлері жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін екі жүргізушіні жауапқа тартты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым