Түркістан облысы Түлкібас аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жергілікті тұрғынды алдап, алаяқтықпен айналысқан бойжеткеннің қылмысын әшкереледі.
Мәселен, Түлкібас аудандық ПБ-ға дүкеннің сатушысы, яғни жергілікті тұрғын белгісіз азаматтың дүкенге келіп, азық-түлік заттарын алып ақшасын банк қосымшасы арқылы төлегенін айтқан. Алайда, бірер уақыттан соң ешқандай төлем жасалмағанын білген. Жәбірленушіге келтірілген шығынның көлемі 40 000 теңгені құрайды.
Аталмыш жайтты полицейлер ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша тіркеуге алды — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Түлкібас ауданы полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді. Полицейлер күдікті азаматты дүкендегі бейнекамераның көмегімен анықтап, оны ұстауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізді. Күдіктінің түр-тұлғасына байланысты басқа да полиция құрылымдарына бағыттама берілді. Нәтижесінде күдікті ретінде бойжеткен қыз анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Бүгінгі таңда күдікті азаматшаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Полиция қызметкерлері алаяқтың құрбаны болмас үшін, бейтаныс адамдармен әңгімелескенде ерекше сақ болуды сұрайды. Егерде алаяқтардың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада «102» телефонына хабарласуды ұмытпаңыз.
ТО ПД баспасөз қызметі




