Елімізде отбасы ішіндегі зорлық-зомбылыққа қарсы іс-әрекет ең маңызды мәселелердің бірі. Осы орайда Келес АПБ Жергілікті полиция қызметінің әйелдерді қорғау тобының инспекторы Элмира Есенқұлова мен Ювеналды полиция тобының инспекторлары білім беру мекемесінде мектеп оқушыларымен кездесу өткізді. Бұл шараға Әжелер алқасының төрайымы, «Жастар ресурстық орталығы» қызметкерлері және педагог мамандар қатыстырылды.
Кездесу барысында ЖПҚ инспекторы Э.Есенқұлова «Отбасы ішіндегі зорлық-зомбылықтың алдын алу негіздері» атты оқушыларға дәріс оқыды. Онда отбасылық келеңсіз оқиғалар, ерлі -зайыптылар арасындағы қарым-қатынас баланың мінез-құлқына тікелей әсер етіп, жасөспірімдерді заңбұзуға итермелейтіндігі туралы айтылды. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген сынды мысалдар келтіріп, отбасындағы моральдық және этикалық құндылықтардың сақталуы жастардың болашағына зор әсерін тигізетіндігіне тоқталды. Сондай-ақ полицейлер оқушылардың жанұяларындағы қарым-қатынас тұрақтылығы жөнінде әңгіме өрбітіп, олармен сұрақ-жауап алысты — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Бұған қоса осы мәселе аясында Келес АПБ қызметкерлері азаматтарды қабылдау бөлімінде бірнеше азаматшаны қабылдады. Солардың бірі жұбайы тарапынан өзіне жасалған зорлық-зомбылық оқиғаларынан соң, полиция қызметіне жүгініп келгенін айтты. Қазіргі таңда бұл жайт бойынша полицейлер әйелдің жұбайына қатысты қорғау нұсқамасын шығарып,қадағалау жұмыстарын жүргізуде.
ТО ПД баспасөз қызметі




