102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

550-ден астам білім ордасына қойылған бейнекамераларды полиция қызметкерлері тікелей Жедел басқару орталығы арқылы бақылайды

5 октября, 2021
0
550-ден астам білім ордасына қойылған бейнекамераларды полиция  қызметкерлері тікелей Жедел басқару орталығы арқылы бақылайды

Бүгін Түркістан облысы Полиция департаментінде маңызды кездесу болды. Оған ТО ПД бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев пен БАҚ өкілдері қатысты.
Аталмыш кездесудің басты мақсаты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі тапсырмасын орындау, яғни сол мақсатта мектептерге қойылған және ТО ПД ЖБО-на интеграцияланған бейнекамералардың жұмыс жасауын пысықтау мен бақылау.
Түркістан облысына іссапармен келген басшылар алдымен Ордабасы ауданы Спатаев ауылында орналасқан Спатаев атындағы мектепке табан тіреді. Аталмыш мектепке 30 күндік деректер сақталатын 8 бейнебақылау камерасы орнатылған. Яғни дәліздерде, асханада, спортзалда, фойеде, кіреберісте және мектеп ауласында болып жатқанның бәрін нақты уақытта да, жазбада да көруге болады. Аудан полицейлерімен және мектеп ұжымымен тілдескен басшылар осыдан соң облыстық полиция департаментіне аялдады. Онда жедел басқару орталығында мектептердегі балалардың қауіпсіздігінің бақылануын бейнекамералар арқылы нақты уақыт режимінде көрді.
«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев және ҚР ІІМ Е.Тұрғымбаев білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берді. Үкімет отырысында бұл мәселе егжей-тегжейлі қаралып, әкімдіктер мен мемлекеттік органдарға жүктелді. «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлескен жоба мектептерде орнатылған бейнекамералардан бейнелерді нақты уақыт және өткен режимінде көруге мүмкіндігін береді. Яғни жазбаларды аудандық полиция бөлімдерінің кезекші бөлімінен, сондай-ақ біздің Түркістан облысы ПД жедел басқару орталығынан қарауға болады. Сондықтан біз мектептерге орнатылған бейнекамералар арқылы мектептерге сырттан келетін қандай-да бір қауіпті уақытында анықтап, тиісті шаралар қолдана аламыз. Бүгінгі күнге дейін Түркістан облысында «102» желісі бойынша 68226 қоңырау тіркелген, оның ішінде Түркістан қаласы бойынша — 18852. Облыс бойынша 540 бейнебақылау камерасы орнатылған болса, оның ішінде облыс орталығында – 56 бейнекамера жұмыс үздіксіз істеп тұр — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Мәселен облыста орнатылған бейнебақылау камераларының көмегімен жыл басынан бері 67557 (2020 ж. 50057) әкімшілік құқық бұзушылық пен 95 қылмыс (2020 ж. — 84) анықталды. Түркістан қаласында бейнебақылау камераларының көмегімен 32424 (өткен жылы — 19273) әкімшілік құқық бұзушылық және 30 қылмыс (өткен жылы — 22) анықталды», — деп атап өтті Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Сұлтанбайұлы Дәлбеков.
Айта кетейік бүгінгі таңда Түркістан облысында жалпы 1000-ға жуық мектеп болса, оның 500-ге жуығы Түркістан облысы Полиция департаментінің жедел басқару орталығына интеграцияланған. Яғни 345 мектепті «Қазақтелеком», 115-мектепті «Транстелеком» қосып отыр. Ал 108 мектепті облыс аумағындағы қала, аудандық полиция басқарма, бөлімдері қадағалап, нақты уақыт режимінде көре алады.

ТО ПД баспасөз қызметі

ShareTweetPin
Next Post
«Жедел-іздестіру қызметі күні» мерекесінің 103 жылдығына орай 30-дан астам полицей марапатталды

«Жедел-іздестіру қызметі күні» мерекесінің 103 жылдығына орай 30-дан астам полицей марапатталды

Алаяқтық жасаған  бойжеткенді  құрықтады

Алаяқтық жасаған бойжеткенді құрықтады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым