Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері заңмен тыйым салынған есірткі заттарын пайдалану, сақтау, өсіру, сату сынды қылмыстардың алдын алып, болдырмау мақсатында үздіксіз жұмыстар жүргізуде — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Осы мақсатта ТО ПД ЕҚҚІҚБ-ның ұйымдастыруымен, Келес, Сарығаш, Сайрам аудандарының орталық көшелерінде учаскелік полиция инспекторлары, Жастар орталығы жанындағы еріктілерді қатыстыра отырып, маңызды шара ұйымдастырды. Іс-шара барысында аудандардағы халық көп жүретін көшелер мен қоғамдық орындарда түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде «Аптекалық нашақорлық, Есірткі және трамадолға — жол жоқ» атты 1000 дана жаднама таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Түркістан облысының полиция қызметкерлері есірткіге қатысты қылмыстарды болдырмау мен алдын алу мақсатында жүйелі түрде жұмыстарды жүргізе бермек. Есірткіден аулақ болайық!
ТО ПД-ның баспасөз қызметі




