Түркістан ҚПБ-ның кезекші бөліміне тұрғындардың бірі есірткі заттарын сақтаумен айналысатыны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған жайтты полицейлер СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеді — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан ҚПБ-ның жедел уәкілдері есірткі сақтаған жергілікті тұрғынды анықтады. Тәртіп сақшылары күдіктінің ауласынан ақ қағазға оралған кептірілген марихуана табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта есірткі құралдарының заңсыз айналымы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткіні заңсыз сақтау және таратумен байланысты қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертеді. Тәртіп сақшылары облыс тұрғындарына зиянды әдеттерден бас тартып, салауатты өмір салтын ұстануға кеңес береді. Егер сіз осындай қылмыстардың куәсі болсаңыз, тез арада 102 нөміріне қоңырау шалыңыз.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі




