102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

57 млн теңге алаяқтыққа қатысы бар жас жігіт 4 жылға сотты болды

6 сентября, 2021
0
57 млн теңге алаяқтыққа қатысы бар жас жігіт 4 жылға сотты болды

Түркістан облысы ПД Тергеу басқармасының тәжірибелі қызметкерлері мен Сарыағаш АПБ полицейлерінің кәсіби шеберлігі арқасында жәбірленушіге ірі көлемде шығын келтіріп, алаяқтық жасаған күдікті жас жігіттің кінәсі дәлелденіп, соңында сотталды. Түркістан облысы тергеушілерінің тиянақты тірліктерінің нәтижесінде, ашылған бұл алаяқтық қылмысы туралы ашып айтсақ:
2020 жылдың қараша айында Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданған. Кәсіпкерлікпен айналысатын жәбірленушінің айтуынша, ол Нұр-Сұлтан қаласында пісте өнімін арзан бағада сататын адам барын естіп, бірден телефон арқылы 500 тоннасына тапсырыс берген. Осылайша, телефонмен тілдескен сатушының есепшотына 57 миллион теңгеден астам ақшасын аударып жіберген. Алайда арадан 20 шақты күн өтсе де, сарыағаштық тұрғын ешқандай пісте өнімін алмаған, не ақшасын қайтара алмай қалған. Содан алаяққа алданғанын біле сала, бірден полицейлерге арызданған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Аса ірі мөлшердегі алаяқтық қылмысын ашуға облыстық Тергеу басқармасының қызметкерлері де тартылған. Жедел-тергеу тобы қажетті іс-шараларды жүзеге асырып, алаяқтық жасаған жас жігіттің ізіне түсіп, 3 тәулік ішінде Нұр-Сұлтан қаласынан ұстайды. Оны Сарыағаш АПБ-не жеткізеді. Ұсталған күдікті өз кінәсін толығымен мойындап, қамауға алынған.
Аталған істің басы-қасында жүріп, күдіктінің кінәсін нақты дәлелдермен сотқа жолдап, соңына жеткізген Сарыағаш АПБ-нің аға тергеушісі полиция майоры Абдукаримов Файзулла Махамбетұлы. Өз кезегінде осы қылмыстық іс бойынша 5 ай бойы тергеу жүргізген аға тергеуші Ф.Абдукаримов: «Аталған іс 5 томды құрады. Тергеу барысында біршама қиындықтар кездесті. Даулы оқиға болғандықтан, жалтару, мойындамау деген секілді жағдайлардың орын алатыны белгілі. Дегенмен қызмет барысында алынған тәжірибеміздің арқасында нақты дәлелдемелерді жинақтадық. Атап өтсем, күдікті сатып алушымен тікелей кездеспеген. Соны пайдаланып, есепшотына тауар үшін келіп түскен аса ірі мөлшердегі ақшаны оңай жолмен иеленіп кеткен. Яғни үлкен көлемдегі қаражатты көріп, ойы өзгеріп, жеңіл жолмен ақша тапқысы келген. Сондай-ақ, жәбірленушінің ақшасын өз қажеттілігіне жұмсап жіберген. Жас жігіттен айғақты зат ретінде 20 миллион теңге ақша, алаяқтық жолмен тапқан ақшаларға сатып алынған «СhevroletMalibu» «ChevroletTracker» маркалы жеңіл автокөліктер және соңғы үлгідегі «iPhone 11 Pro», «Samsung» маркалы ұялы телефондар тәркіленіп алынды. Ақшаның қалған бөлігін таныстарына қарызға берген болып шықты. Нұр-Сұлтандық күдіктіге қатысты жинақталған іс құжаттар айыптау актісімен сотқа жолданды. Сарыағаш аудандық соты 24 жастағы күдікті жас жігітті ҚР ҚК-нің 190-бабымен кінәлі деп танып, жәбірленуші тараптың кешірім беруін ескере отырып, 4 (төрт) жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады»,-деп атап өтті.
Осы секілді талай істерді соңына жеткізіп, кінәлінің жазалануына ықпал етіп жүрген аға тергеуші Файзулла Абдукаримов 1978 жылы дүниеге келген, Сарыағаштың тумасы. Туыс ағаларының форма киіп, ел қорғап жүргенін көріп өскен бала, кішкентайынан полицей болуды армандайды. Осы мақсатта Қарағанды Заң институтын 2000 жылы тәмамдап, арманына қол жеткізеді. 20 жылдай ішкі істер саласында қызмет етіп келе жатқан полицей, бұл мамандықтың иесі — асқан шыдамды, жауапкершілігі мол, қырағы, батыр жүректі, намысты болу керек дейді.
Бүгінде жұбайы екеуі 3 бірдей перзенттің ата-анасы атанып отырған бақытты жанұя. Сөз соңында отбасының тірегі, жәбірленушілердің қорғаны, өз ісінің нағыз маманы болып жүрген полицей Файзулла, елге еңбек етуден шаршамайтынын жеткізді.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

ShareTweetPin
Next Post
Есірткі сатпақ болған күдіктіні ұстады

Есірткі сатпақ болған күдіктіні ұстады

Түркістан облысында карантин талаптарын өрескел бұзған тұрғындар анықталды

Түркістан облысында карантин талаптарын өрескел бұзған тұрғындар анықталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым