102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Қиыршық тасты заңсыз өндірудің 20-дан астам жайтын анықтады

6 сентября, 2021
0
Қиыршық тасты заңсыз өндірудің 20-дан астам жайтын анықтады

Түркістан облысы ПД ЖПҚ табиғат қорғау полициясының қызметкерлері экологиялық қылмыстарды анықтау және жер қойнауын өз бетінше пайдаланудың алдын алу барысында, 24 құм-қиыршық тас қоспасын заңсыз өндірудің жолын кесті. Осы мақсатта облыстық департаментте арнайы мобильді топтар құрылып, өзендер мен су қоймаларының жанында, заңсыз өндіру мүмкін жерлерде рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды.
Мысалы, Келес ауданында Қызыләскер ауылының маңында полиция қызметкерлері Келес өзенінен құм-қиыршық тас қоспасын таситын үш жүк көлігін тоқтатты. Оқиға орнында тәртіп сақшылары барлық қажетті шараларды жүргізді. «КамАЗ» маркалы жүк көліктері айыптұраққа қойылды — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Мұндай жайттың бірі Шардара ауданында да тіркелді. Бұл жерде табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері белгісіз тұлғалардың Ақалтын ауылының маңында қиыршық тас өндіретінін анықтады. Оқиға орнына Шардара АПБ жедел-тергеу тобы келді. Браконьерлерден 1 тиегіш пен 4 жүк көлігі тәркіленіп, айыптұраққа жөнелтілді.
Аталған жайттар СДТТБТ-ға тіркеліп, ҚР ҚК-нің 181-бабының 5-бөлігіне сәйкес тәртіп бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Түркістан облысы бойынша экология департаментіне жолданды. Жалпы, жедел алдын алу іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері 15 жүк тиегіш пен 30-дан астам жүк көлігін айыптұраққа қойған.
Түркістан облысының полицейлері аталған жедел-профилактикалық іс-шаралардың әлі де жалғасатынын атап өтті. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары азаматтарды табиғатты қорғауға шақырады және табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көрілетінін еске салады.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

ShareTweetPin
Next Post
57 млн теңге алаяқтыққа қатысы бар жас жігіт 4 жылға сотты болды

57 млн теңге алаяқтыққа қатысы бар жас жігіт 4 жылға сотты болды

Есірткі сатпақ болған күдіктіні ұстады

Есірткі сатпақ болған күдіктіні ұстады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым