102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Базарда ұялы телефон ұрлаған әйел ұсталды

3 сентября, 2021
0
Базарда ұялы телефон ұрлаған әйел ұсталды

Өздеріңізге белгілі 1 қыркүйек –Білім күні қарсаңында, базарларға, сауда орындарына адамдар көптеп келеді. Өкініштісі осындай бірі келіп, бірі кетіп ығы-жығы болып жатқанда, сатушылардың заттары ұрланып жататын жайттар кездеседі. Мысалы, Арыс аудандық полиция бөліміне базарда мектепке қажетті құрал-жабдықтар сататын әйел арыз түсіреді. Ол дүкеніндегі сөрелердің бірінде дәптерлер арасында тұрған ұялы телефонын белгісіз біреу жымқырып кеткенін жеткізді. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынды.
Орын алған ұрлық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында полицейлер бірден оқиға орнына жетті. Көрген-білгендерден жауап алып, сол маңдағы бейнебақылау камераларын мұқият қарап шықты. Осылайша камерадан белгісіз әйелдің телефонды алған сәті табылып, тәртіп сақшылары оның жеке-басы мен тұрғылықты мекенжайын анықтауға кірісті. Нәтижесінде 1 тәулік ішінде күдікті анықталып, ұсталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Белгілі болғандай адам көптігін, сатушының байқамай тұрғандығын пайдаланған әйел, арам ойдың жетегінде осындай теріс әрекетке барған. Қазіргі таңда телефон заңды иесіне қайтарылып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Тізбектей беретін болсақ, ұялы телефон ұрлығы жайлы деректер өте көп. Мұндай ұялы телефон ұрлығы көбіне қоғамдық жерлерде: қоғамдық көлікте, асханада, базарларда, адам көп шоғырланатын орындарда тіркеледі. Сондықтан қалта ұрыларына телефоныңызды ұрлатып алсаңыз, бұл жағдайда не істеу керектігі жөнінде бірер кеңес бере өтсек: 1) Полицияның көмегіне жүгініңіз. Телефонға қатысты барлық құжаттарыңызды алып, тез арада бөлімшеге барыңыз! 2) Абоненттік құрылғыңызды бұғаттайтын ІМЕІ кодыңызды біліңіз! 3) Нөміріңізді өшірту үшін, ұялы байланыс операторларына хабар беріңіз! 4) Сақтықта қорлық жоқ, банктік картаңыз бен әлеуметтік желідегі парақшаларыңызды құлыптаңыз! 5) Қолданған ұялы телефондарды сату бойынша жақын арадағы нүктелерді көріп шығыңыз! Бұл – сізге керек болады-ау деген жаднамалар. Дегенмен, мүмкін болса, өз мүлкіңізді, әмияныңызды мұқият, ұқыпты ұстаңыз. Көпшілік орында, немқұрайлылық танытып телефоныңызды балаңызға бере салмаңыз. Ұялы телефоныңызды артқы қалтаға, аузы ашық сөмкеге сала салмаңыз. Ұрылардың арам пиғылына тосқауыл қойыңыз!

ТО ПД-ның баспасөз қызметі

ShareTweetPin
Next Post
Түркістан облысының полицейлері оқу жылының басталуына орай ауқымды шаралар ұйымдастырды

Түркістан облысының полицейлері оқу жылының басталуына орай ауқымды шаралар ұйымдастырды

Мемлекеттен қайтарымсыз ақша алып беремін деген алаяқты ұстады

Мемлекеттен қайтарымсыз ақша алып беремін деген алаяқты ұстады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым