102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Түркістан облысының полицейлері оқу жылының басталуына орай ауқымды шаралар ұйымдастырды

3 сентября, 2021
0
Түркістан облысының полицейлері оқу жылының басталуына орай ауқымды шаралар ұйымдастырды

Өздеріңізге белгілі соңғы бірер жыл аралығында мектептерде сабақ онлайн форматта өткізілді. Яғни коронавирус індетінің өршуінің алдын алу мақсатында шектеу шаралары барынша колданылды. Ал бүгін 1 қыркүйек — Білім күні қарсаңында, 2021-2022 оқу жылы дәстүрлі форматта бастау алып, мектептерде алғашқы қоңырау соғылды. Осы ретте Түркістан облысында орналасқан 919 мектпеке 1000-нан астам полиция қызметкерлері кезекшілікке қойылды.
Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері, учаскелік полицейлер үлкен жолдардың бойында орналасқан білім ошақтарының алдында тұрып, жаяу жүргіншілер жолағынан өтетін оқушыларға, қала тұрғындарына көмек көрсетті. Сондай-ақ, көшелерде тынымсыз еңбек атқарып жүрген патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысын реттеп, кептелістердің алдын алды. Алатаяқтарымен жол қозғалысын тиянақты реттеген полицейлер жаяу жүргіншілер жолағынан өтушілер мен білім алушылардың алғыстарына бөленді.
Түркістан қаласындағы №13 Ә.Науаи атындағы мектеп-гимназиясының психологы Мухаддас Бергенова: «Полиция қызметкерлері таңғы сағат 7-ден бері мектеп алдында тұрып балалардың қауіпсіздігін қадағалауда. Ұстаз әрі ата-ана ретінде осы іс-шараны жүргізіп отырған полицейлерге рахметімді айтамын және бұл іс-шара біз үшін де өте маңызды» деп жылы лебізін білдірді — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар, аталған мектептің қамқоршылық кеңесінің төрағасы Шамырза Мадалиев, мектеп алдындағы жолақтан күнделікті өтетін балаларының қауіпсіздігін бақылайтын сақшылар болғандықтан, алаңдамай жүретінін жеткізіп, ақ батасын берді.
Одан ары тәртіп сақшылары бірініші сынып оқушыларымен Жол қозғалысы ережелерін білу бойынша теориялық және практикалық сабақтар өткізді. №31 Абай атындағы мектеп пен №14 Ататүрік гимназиясының оқушыларына ашық сабақтарда жолда қалай дұрыс жүру керек, жол белгілері нені білдіретіндігі айтылды. Сондай-ақ, бүлдіршіндерге жолдардағы жүріс-тұрыстың негізгі ережелері түсіндірілді. Мысалы: жүріс бөлігі тек белгіленген жерлерде болуы керек; тротуармен жүру, жолда ойнамау, әсіресе тәуліктің қараңғы уақытында жүрмеу, бағдаршамның жасыл түсі жанғанда ғана өту.
Оқу жылының басталуы қарсаңында Түркістан облысының аумағында полицейлер республикалық «Абайлаңыз, балалар!» іс-шарасын өткізуде. Осы орайда Түркістан облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Ұлықбек Мылтықов: «Барлық оқушыларды, ата-аналарды және мұғалімдерді 1 қыркүйек-Білім күнімен құттықтаймын. Біздің облыста 900-ден астам мектеп бар. Ал, «Абайлаңыз, балалар!» іс-шарасы аясында облыста жаңадан 109 орта білім беру мекемелерінің алдына жасанды жол кедергілері мен 349 жол белгілері орнатылды.
Оқушылардың жол қозғалысы ережелерін білуі тақырыбында ашық сабақтар өткізілді. Полицейлердің мектептің жоғарғы сынып оқушыларынан құрылған көмекшілері, яғни «Жол қозғалысының жас инспекторлары» жүргізушілерге жол қозғалысы ережесі жазылған жаднамалар таратты. Иә, бүгінгі таңда балалардың қауіпсіздігі полицейлер тарапынан бірінші орында тұр. Ол үшін қажетті деген шаралардың барлығы қолға алынып, тиісті деңгейде атқарылуда. Біздің тарапымыздан облысымыздағы жолдардың барлығы қатаң бақылауда болады»,- деп атап өтті.
Түркістан облысының полицейлері атап өткендей, жолдардағы тәртіпті арттыруға бағытталған осындай профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

ShareTweetPin
Next Post
Мемлекеттен қайтарымсыз ақша алып беремін деген алаяқты ұстады

Мемлекеттен қайтарымсыз ақша алып беремін деген алаяқты ұстады

Мас халде автокөлік басқарған екі жүргізушіні анықтады

Мас халде автокөлік басқарған екі жүргізушіні анықтады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым