102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Кәмелет жасына толмаған баланы тонаған ер адамды қамауға алды

3 сентября, 2021
0
Кәмелет жасына толмаған баланы тонаған ер адамды қамауға алды

Ордабасы АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, ауылдасы кәмелет жасына толмаған баласының ұялы телефонын күш көрсету арқылы алып, ашық түрде жымқырып кеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 60 000 теңге. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 191-бабы «Тонау» бойынша СДТТБТ-ға тіркеді.
Күдіктіні ұстау мақсатында, полиция қызметкерлері жақын маңдағы аумақтарды мұқият аралап, куәгерлерден жауап алып, басқа да қажетті іс-шараларды жүзеге асырды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері тонау қылмысына қатысы бар күдікті ер адамды «ізін суытпай» қолға түсірді. Ол бұрын ұрлық жасағаны үшін сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша күдікті азамат қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеруде — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, күдікті азамат кәмелет жасына толмаған баланың көшеде жүргенін көріп, көше бойындағы құрылысы бітпеген үйге алып барған. Содан соң күш көрсетіп телефонын тартып алып кеткен. Қолды болған ұялы телефонды саудагерлердің біріне арзан бағада сатып, ақшасын бас пайдасының қажеттілігіне жұмсаған.
Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болуды және ұялы телефондарды қараусыз қалдырмауды ұсынады. Сондай-ақ, ұрылардың назары көп түсетін қоғамдық орындарда қымбат заттар мен ұялы телефондарды көрсетпеу керек. Егер, сіз, тонаудың немесе бөтеннің мүлкін ұрлаудың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, онда дереу 102 телефоны арқылы полицияға хабарласыңыз.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

ShareTweetPin
Next Post
Үйінің ауласында той жасаған тұрғын анықталды

Үйінің ауласында той жасаған тұрғын анықталды

Базарда ұялы телефон ұрлаған әйел ұсталды

Базарда ұялы телефон ұрлаған әйел ұсталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым