Төлеби АПБ-не жергілікті тұрғын арызданған. Азаматтың айтуынша белгісіз тұлға оның 2 дана «Sony PlayStation Slim» маркалы ойын құрылғыларын жалға алып, қайтып әкеліп бермеген,деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Содан жәбірленуші жалға алушыға қайта-қайта хабарласып, ұялы телефонын ала алмаған. Осылайша ол алаяққа алданғанын білген. Бірден полицейлерге хабарласып, күдіктіні ұстау үшін көмек сұраған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 250 мың теңгені құрады.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 189-1-бабы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша СДТБТ-ға тіркелді.
Қылмысты ашу мақсатында Төлеби АПБ-да тәжірибелі полиция қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел уәкілдер іздестіру іс-шарасы барысында күдіктінің Алматы қаласының тұрғыны екенін анықтады. Тәртіп сақшылары оны Шымкент қаласынан ұстап, АПБ-не жеткізді. Сонымен қатар ол иемденген ойын құрылғыларын сатып жіберу мақсатында алғанын мойындаған. Күдіктіден айғақты зат ретінде ойын құрылғылары алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.Бас шарасы келу туралы міндеттеме.
Түркістан облысының полицейлері азаматтарға әр түрлі алаяқтардың айла-амалдарына түспеу үшін қырағы болуды ұсынады. Таныс емес адамдарға мүліктеріңізді, жеке мәліметтеріңізді, банк шоттарының кодтарын және басқа да ақпаратты бермеңіз. Сақ болыңыз және күмәнді қызметтерді ұсынатын адамдардан оңай пайда табуға үміттенбеңіз. Егер сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияға 102 телефоны арқылы хабарласыңыз.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі




