Қазығұрт АПБ-ның кезекші бөліміне ауыл тұрғындарының бірі есірткі заттарын сақтаумен айналысатыны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған жайт СДТТБТ-ға ҚР ҚК 297-бабы «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу» бойынша тіркелді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қазығұрт АПБ-ның жедел уәкілдері есірткі сақтаған Арыс ауданының тұрғынын анықтады. Тәртіп сақшылары күдіктінің үйін тінту кезінде ауласында орналасқан гараждың ішінен ақ қағазға оралған белгілі бір иісі бар затты тауып, тәркіледі. Сараптамаға сәйкес, тәркіленген есірткі шамамен 9 грамм «марихуана» болып шықты. Қазіргі уақытта есірткі құралдарының заңсыз айналымы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті азаматтың бас шарасы қолхатта — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткіні заңсыз сақтау және таратумен байланысты қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертеді. Тәртіп сақшылары облыс тұрғындарына зиянды әдеттерден бас тартып, салауатты өмір салтын ұстануға кеңес береді. Егер сіз осындай қылмыстардың куәгері болсаңыз, тез арада 102 нөміріне қоңырау шалыңыз.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі




