Мақтаарал АПБ-ға Жетісай аудынының тұрғыны арызданып келген. Жәбірленуші әйелдің айтуынша аудан аумағында орналасқан аквапаркте өзіне тиесілі алтын алқасы мен алтын білезігін белгісіз азамат жасырын түрде ұрлап кеткенін көрсеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 300 000 теңгеге жуық. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша СДТТБТ-ға тіркеді.
Мақтаарал АПБ-ның полицейлері осы ұрлық жайтын ашу мақсатында оқиға орнына тез арада келіп, қажетті шараларды жүзеге асырды. Жақын аймақтарды мұқият тексеріп шығып, көрген-білгендерден жауап алды. Соның нәтижесінде күдіктінің тұрғылықты мекенжайы анықталып, үйінен ұсталды. Ол бұдан алдын бірнеше рет сотты болған Жетісай ауданының тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда күдікті әйел қамауға алынып, осы оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай жәбірленуші демалу мақсатында аквапаркке келген. Содан соң әйелдердің киім ауыстыратын бөлмедегі ұяшыққа алтын алқасы мен білезігін салып, құлыптап кеткен. Арада біршама уақыт өткен соң қайтып келгенінде ұяшықтың құлпы бұзылғанын, ішіндегі алтын бұйымдарының жоқтығын көрген. Ал күдікті әйел онда ешкімнің жоқтығын пайдаланып, алтын бұйымдарды жымқырған. Қолды болған заттарды Сарыағаш ауданындағы алтын бұйымдар сататын базарға алып барып, сатып жіберген. Ал ақшасын бас пайдасының қажеттілігіне жұмсаған.
Түркістан облысы полицейлері ұрлық қылмысының алдын алу үшін, сауда орындарына, ғимараттарға, үйлеріңізге бейнебақылау камералары мен дабылқаққыштар орнатуға кеңес береді. Сонымен қатар дүкенді ашық күйде қалдырмай, есік-терезелердің жабылғанына толық көз жеткізіп алуды ескертеді. Ұрлық орын алған сәтте, тез арада полицияның «102» телефоны арқылы хабарласыңыздар!
ТО ПД-нің баспасөз қызметі




