Бәйдібек АПБ-ның полицейлері тұрғындардың тыныштығын күзету мақсатында түрлі іс-шараларды жүргізуде. Осындай кезекті шара барысында тәртіп сақшылары ауа райының қолайсыздығынан құлаған электр бағаналарының бос жатқан сымдарын қырқып, өздерінің басқаруындағы 2 жеңіл автокөліктің жүк салғышына салып, ұрламақ болған күдіктілерді анықтады. Ұсталған күдіктілер Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша СДТТБТ-ға тіркелді.
Белгілі болғандай үш азамат жоғалған жылқыларын іздеп, Бәйдібек ауданындағы жайылымдық алқапқа келген. Содан соң жерде жатқан электр сымдарын көріп, жымқыруды көздеген. Алайда полиция қызметкерлерінің қырағылығының арқасында арам ойлары іске аспады. Қылмыс үстінде ұстаған күдікті ер азаматтардың бірінің автокөлігінен айғақты зат ретінде 20-бума электр ток сымдары алынды. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілердің бас шарасы қолхатта — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға өз мүліктеріне ие болуды ескертеді. Сонымен қатар ұрлық орын алған сәтте, тез арада полицияның «102» телефоны арқылы хабар беруге кеңес береді.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі




