Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Руслан Ендібаев Боралдай, Жамбыл және Ақбастау ауылдық округтерінде болып, әкімдермен, қоғамдық кеңес мүшелерімен және ақсақалдармен кездесті.
Кездесуде қоғамның тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында учаскелік полиция инспекторларының жұмысы кеңінен сөз болды. Полиция бастығы сұрақтарға жауап беріп, ұсыныстарды тыңдады.
Бүгінде үш ауылдық округте 5 учаскелік полиция инспекторы қызмет атқаруда. Баршасы да қызметтік көлікпен қамтылған. Тәртіп сақшылары тәулік талғамай еңбек етуде. Әрбір ауылдық округте қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізіп, қылмысты болдырмау жұмыстарын атқарып келеді — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап. Нәтижесінде қылмыс азайып, ашылу көрсеткіші артқан.
Кездесу барысында учаскелік полиция инспекторларының өздеріне бекітілген аймақта атқаратын жұмыстарына оң баға берілді




