102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Әке жолын жалғаған

23 июня, 2021
0
Әке жолын жалғаған

Түркістан өңірінде әке жолын қуып, аманат арқалап жүрген тәртіп сақшылары көп. Солардың бірі сарыағаштық Нұрдәулет Еділов.
Нұрдәулеттің әкесі Әбдікәрім Еділов көптеген жылдар бойы Сарыағаш ауданында абыройлы еңбек еткен. Полиция майоры өңірдегі қылмыстық ахуалдың тұрақталуына үлкен үлес қосып, зейнетке шықты. Ал, бүгінде көпке үлгі болған дара жолды ұлы қабылдады. Ол да әкесі сияқты адалдығымен, жанкештілігімен көзге түсіп, абырой биігінен көрініп келеді.
Нұрдәулет Еділов Сарыағаш ауданы, Дарбаза ауылында дүниеге келген. Сарыағаш қаласындағы мектепте білім алған соң, Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде «Заңгер» мамандығын меңгерді. Сайрам ауданында учаскелік полиция инспекторы болып еңбек жолын бастап, абыройлы қызмет атқарды. Кейіннен Сарыағаш ауданына қызмет ауыстырды. Бүгінде Нұрдәулет Әбдікәрімұлы аға учаскелік полиция инспекторы.
— Қапланбек ауылдық округінде жалпы 7 000-ға жуық үй, 20 000 мыңнан астам халық бар. Халыққа қызмет көрсететін орталықтар, мекемелер, коммерциялық нысандар орналасқан. Аумаққа Асыл Ережепов, Сапар Айсұлтан, Бекзат Зиябековпен бірге қоғамдық қадағалау жұмыстарын жүргіземіз. Бізге бекітіліп берген нива көлігімен үнемі көшелерді аралап, халықпен кездесу өткіземіз. Қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырамыз. Түнгі рейдтерге шығамыз. Басты мақсатымыз — қоғамдық тыныштық пен тұрақтылықты қамтамасыз ету. Бұл жолда тәулік талғамай еңбек етеміз – дейді полиция майоры.
Бүгінде ауылдық округте тіркелген қылмыс саны да жылдан жылға төмендеп келеді. Ашылуы да жақсы. Өткен жылы тіркелген 32 қылмыстың 31 ашылған. Біреуі бойынша қазір жұмыстар жүргізіліп жатыр.
— Көбінесе төрт түлігін қараусыз қалдыратын көп. Одан мал ұрлығы жағдайы орын алады. Сондай-ақ, қараусыз қалған мал көшеге шығады. Көгалды құртады. Жолға түсіп жүргізушілерге кедергі келтіреді. Сондықтан тұрғындар төрт түлігін қараусыз қалдырса, айыппұл төлейді. Көпшілік осы жағына назар аудармайды – дейді ол.
Полиция майоры қызмет бабында көптеген қылмыстар мен құқықбұзушылықтарды анықтаған. Өзі тікелей ұйытқы болып ашқан істері де көп. Соның бірі Сайрам ауданында орын алыпты. Жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасаған екі күдіктіні оқиға орнында құрықтаған. Тапанша мен мылтығын тәркілеп, күдіктілерді полиция бөліміне жеткізген.
Жалпы тәртіп сақшысының басынан өткерген мұндай жағдайлары өте көп. Бірақ мақтанып айтуға құштар емес.
Қазіргі кезде Нұрдәулет Әбдікәрімұлының телефоны мен суреті ауылдағы халық көп жүретін орындар мен коммерциялық нысандарда ілулі тұр. Телефоныда тәулік бойы қосулы. Ал, номері ауылдастарының ватсап чатына енгізілген. Яғни, кез-келген тұрғын тікелей мәселесін айта алады. Әрі ыңғайлы, әрі тиімді.
— Бұл жүйені қолданып жүргенімізге біршама уақыт болды. Көмек керек адам болса, бірден қол ұшын беруге асығамыз. Халықтың да жағдайын, ауылдағы жаңалықтары біліп отырамыз – дейді ол.
Нұрдәулет бос уақытын бала тәрбиесіне арнайды. Жұбайы мектепте мұғалім. Үш ұл-қызды өсіріп отырған жайдары жұпты жерлестері үлгілі отбасы деп біледі.

ShareTweetPin
Next Post
Жерлестерінің алғысына бөленген учаскелік полицей

Жерлестерінің алғысына бөленген учаскелік полицей

Полиция күні қарсаңында жетісайлық полицейлер марапатталды

Полиция күні қарсаңында жетісайлық полицейлер марапатталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым