102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Жерлестерінің алғысына бөленген учаскелік полицей

23 июня, 2021
0
Жерлестерінің алғысына бөленген учаскелік полицей

Бүгінде елімізде елдің алғысына бөленген тәртіп сақшылары көп. Солардың бірі Сарыағаш ауданының тумасы Асыл Ережепов. Полиция капитаны шенін таққан ол күн-түн демей, қоғамның тыныштығын күзетіп, әрдайым халқына қорған болып келеді.
Асыл Асқарұлы Сарыағаш ауданында дүниеге келген. Жергілікті жердегі мектепті бітірген соң, ІІМ қарасты Шымкент қаласында орналасқан Б.Момышұлы атындағы оқу орталығында білім алды.
Еңбек жолын 2005 жылы Бәйдібек ауданында учаскелік полиция инспекторы болып бастады. Кейіннен туған жері Сарыағаш ауданына қызмет ауыстырды. Қазіргі кезде полиция капитаны Қапланбек ауылдық округінде учаскелік полиция инспекторы қызметін абыроймен атқаруда.
-Маған бекітілген аумақта үш елді мекен бар. Қанағат, Ақниет, Тасқұлақ ауылдарындағы қоғамдық тәртіпті қадағалап, профилактикалық жұмыстарды жүргізіп келемін. Тұрғындардың барлығы дерлік таниды деп айта аламын. Өзім Қанағат ауылында тұрамын. Үш ауылды жиі-жиі аралап жағдайды тұрақты бақылап отырамын. Сондай-ақ әлеуметтік желілер арқылы әр ауылға жеке-жеке чат ашылған. Онда елдің жаңалығымен хабардар болып отырамыз. Өзімізде ескерту хабарландыруларын сонда жолдаймыз.
Одан бөлек ақсақалдармен жиі-жиі кездесіп тұрамыз. Жастарменде жүздесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз – дейді ол.
Бүгінде аталған үш елді мекенде 5000-нан астам тұрғын бар. Үш мектеп, үш мешіт орналасқан. Одан бөлек коммерциялық нысандар халыққа қызмет көрсетеді. Асыл Асқарұлы, тәулік талғамай тұрғындардың тыныштығын күзетеді. Қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Нәтижесі де жоқ емес. Қазіргі кезде аумақтағы қылмыс саны да жылдан жылға азайған. Ал тіркелгендері түгелімен ашылған. Жуырда ғана мұндағы тәртіп сақшылары мал ұрлығын ашты. Үш үйден 5 қойдың ұрланғандығы бойынша тиянақты жұмыс істеп, күдіктілерді көп ұзамай қолға түсірді.
-Көбінесе бізге тұрмыстық жанжалдар түседі. Оның баршасымен жұмыс жүргізудеміз. Сондай-ақ карантин талаптарының қатаң сақталуын қадағалаудамыз және профилактикалық іс шараларды жиі-жиі өткізіп, төрт-түлікті қараусыз қалдырмауды түсіндірудеміз, — дейді полиция капитаны.
Асыл Асқарұлы елдің алғысына бөленген полицей. Оның тынымсыз тірлігін бүгінде жерлестері мақтанышпен айтып жүр. Яғни тәртіп сақшысы Қапланбек ауылында әжетханаға түсіп кеткен екі жеткіншекті алып шыққан. Қазіргі кезде балалардың денсаулығы қалыпты. Жағдайлары жақсы. Ата-аналары да тәртіп сақшысына ризашылығын білдіріп, алғысын айтқан.
Асылдың Ардақ есімді сыңары бар. Олда ішкі істер саласында абыройлы еңбек еткен. Кейіннен бизнеске бет бұрды. Ағасы Алтай да майор шенімен зейнетке шыққан. Қажет кезде інісіне ақыл-кеңестерін айтып отырады.
Ал жұбайы Лаура мектеп мұғалімі. Бүгінде жайдары жұп, 2 ұл, 2 қыздың ата-анасы атанып отыр.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

ShareTweetPin
Next Post
Полиция күні қарсаңында жетісайлық полицейлер марапатталды

Полиция күні қарсаңында жетісайлық полицейлер марапатталды

«Қазақстан полициясы» күнін атап өтті

«Қазақстан полициясы» күнін атап өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым