Түркістан облысында тіркелген қылмыстардың ең көп таралған түрлерінің бірі алаяқтықпен байланысты қылмыстар. Олардың әрқайсысы бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабына «Алаяқтық» сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Коронавирустық инфекциясының қазіргі жағдайына байланысты алаяқтық тақырыбы ерекше өзекті болып отыр. Алаяқтар кәсіби жұмыс істеп,өз құрбандарын оп-оңай шатастырып, тіпті ойлануғада уақыт бермейді. Сондықтан ешбір жағдайда бейтаныс адамдарға өз жеке деректерін, банк карталарының деректемелерін хабарлауға және басқа ақпаратпен бөлісуге болмайды.
Алаяқтықтың алдын алу мақсатында Түркістан ҚПБ ЖПҚ учаскелік инспекторлары «сарбаздар» қоғамдық көмекшілерімен бірлесіп облыс орталығының тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тәртіп сақшылары қала тұрғындарына алаяқтықтың ең көп таралған түрлері мен алаяқтардың құрбаны болмау туралы сақтық шаралары туралы айтып берді.
Сонымен қатар, полиция қызметкерлері адамдар көп шоғырланатын орындарға және көшелерге «сақ болыңыз, алаяқтар» атты жарнамалармен ескертпелер орналастырған.
Өз кезегінде полиция қызметкерлері азаматтарға өте сақ болуға және құқық қорғау органдарының кеңестеріне немқұрайлы қарамауға кеңес береді. Құжаттарды рәсімдеуде, несиелер мен тұрғын үй, әлеуметтік көмек алуда және т.б. күмәнді қызметтерді ұсынатын бейтаныс адамдарға сенушілік танытудың қажеті жоқ. Өз проблемаларын шешуге немесе тез материалдық пайда алуға үміттеніп, әртүрлі алаяқтарға баруға болмайды. Мүмкін болса, алаяқтық тақырыбында қарт туыстарымен жиі әңгімелесу керек, өйткені олар зиянкестердің сеніміне ие және бүгінгі технологиядан хабарлары өте нашар.
Егер сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, дереу полицияға 102 нөміріне хабарласыңыз. Уақытында келіп түскен ақпарат полицияға алаяқтардың ізіне түсіп, қылмыстың алдын алуға көмектеседі.




