Қызылордада “Қауіпсіз жол” шарасының үш күнінде мыңнан аса жол қозғалысы ережесін бұзу деректері анықталды,– деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Облыс көлемінде “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу шарасы өтті. Іс-шараның үш күнінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде полиция қызметкерлерімен барлығы 1178 жол қозғалысы ережесін бұзу деректері анықталды. Атап айтқанда: ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабы бойынша (Белгіленген жылдамдық арттырудың ) – 119 дерек; ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 3,4-бөлігі бойынша (Жалған немесе көрінеу м/б тағып к/қ басқарудың) – бір, ҚР ӘҚБтК-нің 590-7-бабы бойынша (Тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарудың) – 27, ҚР ӘҚБтК-нің 591–бабы бойынша (Ұялы телефонмен сөйлесудің) – 120, ҚР ӘҚБтК-нің 593-2–бабы бойынша (Қауіпсіздік белдігін пайдалану ережесін бұзудың) – 211, ҚР ӘҚБтК-нің 595–бабы бойынша (Маневр жасау ережесін бұзудың) – 50, ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы бойынша (Бағдаршамның тыйым салатын сигналына тыйым салатын қимылына қарамай өтудің) – 29, ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы бойынша (Жаяу жүргіншіге басымдық бермеу) – 44, ҚР ӘҚБтК-нің 606–бабы бойынша (Авариялық жағдай туындату) – 19,ҚР ӘҚБтК-нің 607–бабы бойынша (Темір жол өтпелерінен өту қағидасын бұзудың) – 20, ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша (Көлік құралын мас күйде басқару) – 19, ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы бойынша (КҚ басқару құқығы жоқ адамның басқаруы) – 177, ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы бойынша (Жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережесін бұзуы) – 84 дерегі анықталды.Аталған іс-шараға Жергілікті полиция қызметінің жеке құрамы жұмылдырылып облыс жолдарында автопатрульдер күшейтілген түрде жұмыс атқарды.
Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/zhol-qozghalysy-erezhesin-buzghandar-zhauapqa-tartyldy/




