Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын 102 нөміріне қоңырау шалып көмек сұраған. Оның айтуынша өзінің үйіне белгісіз біреулер кіріп құны 130 мың теңге болатын ұялы телефонын, сондай-ақ 600 мың теңге болатын «Айфон 12» маркалы телефонын жымқырып кеткенін көрсеткен. Жалпы жәбірленушіге келтірілген шығынның көлемі 730 мың теңге — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Аталған жайт СДТТБТ-ға енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді. Оқиға орнына келген қалалық полицейлер күдіктіні ұстауға қажетті барлық шараларды жасады. Көрген-білгендерден сұрастырды. Нәтижесінде ақпарат көздері және бейнекамераның көмегімен күдікті ретінде 2 жас азаматтың жеке-басы анықталды. Олар жергілікті тұрғындар. Сондай-ақ түркістандық жедел уәкілдер күдікті 2-еудің ұрлаған телефондарды базарлардың біріне 100 мың теңгеге бағалап сатып жібергенін айқындады. Ұсталған 2 азаматтың бас шарасы қолхатта. Бүгінгі таңда ұрланған ұялы телефондар заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда күдікті 2 азаматқа қатысты тергеу жалғасуда.
Түркістан облысы полицейлері азаматтарға бағалы заттарыңыз бен ұялы телефондарыңызға, әмияндарыңызға сақ болыңыздар деп ескертеді. Қалта ұрыларының көзіне түспес үшін бағалы заттарыңызды көрсетпей, аузы жабық сөмке ішіне салып қойыңыздар деп кеңес береді.
ТО ПД баспасөз-қызметі




