102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Бөтеннің қойын сатып жіберген қойшы 3 жылға сотталды

4 июня, 2021
0
Бөтеннің қойын сатып жіберген  қойшы 3 жылға сотталды

Түркістан облысының жері малға жайлы, егін егуге қолайлы аймақ. Осыған байланысты облыстың көп тұрғындары ауыл шаруашылығымен айналысады. Дегенмен кей сәттері елдің күнделікті күнкөрісі болған төрт-түлігін белгісіз біреулер қолды етіп, шығын келтіріп жатады. Ал, Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері мал ұрлығын жасаған ұры-қарыны ұстап, мұндай ұрлыққа жол бермеу мақсатында, тәулік бойы қызметте жүреді. Сондай-ақ жергілікті халыққа мал ұрыларынан сақтану жолдарын түсіндіріп, мал артқан көліктерді, мал базарларын мұқият тексеріп, қадағалауды бақылауға алған.
Осындай кезекті жұмыс күнінде Бәйдібек аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданады. Ер адамның айтуынша, оның 3 бас уақ малы жайылымнан белгісіз жағдайда жоқ болған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркеуге алынды.
Орын алған қылмысты ашып, мал ұрыларын ұстау үшін тез арада жедел-тергеу тобы құрылды. Тәжірибелі тәртіп сақшылары оқиға орнына жетіп, жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Жақын аймақтарды аралап, көрген-білгендерден сұрастырды. Нәтижесінде ізін суытпай күдікті екеу ұсталды. Олар қой бағуға жалданған шопандар болып шықты.
Тергеу барысында анықталғандай, күдікті екеудің бағып жүрген малдарына жайылымда бөтен 3 бас мал қосылып кетеді. Жеңіл жолмен пайда табуды ойлаған күдікті екеу, басқаның қойларын көрші ауылдың тұрғынына 100 000 теңгеге сатып жібереді. Түскен ақшаны бас пайдаларына жұмсап үлгереді. Бүгінде ұсталған күдіктінің біреуіне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, іс сотқа жолданған. Бәйдібек аудандық сотының шешімімен күдікті 29 жасар жергілікті тұрғын ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 2-бөлігінің 1-тармағымен кінәлі деп танылып, 3 (үш) жылға бас бостандығынан айырылды. Іс бойынша айғақты зат ретінде алынған қойлар заңды иесіне қайтарылды. Ал, екінші күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Түркістан облысының полицейлері мал ұрлығын болдырмауда тек тәртіп сақшылары ғана емес, мал асыраумен айналысатын тұрғындар да өз үлесін қосса, ұрылардың арам пиғылын іске асыруға тосқауыл болар еді дейді. Сондықтан төрт түлігімізге сақ болайық!

ТО ПД-ның баспасөз қызметі

ShareTweetPin
Next Post
Телефон ұрлап, 700 000-нан астам теңгеге шығын келтірген күдіктіні ұстады

Телефон ұрлап, 700 000-нан астам теңгеге шығын келтірген күдіктіні ұстады

«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзушыларды анықтады

«Қауіпсіз жол» іс-шарасының 18 күнінде 7000-нан аса құқықбұзушылық анықталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым