102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Өзгенің атынан несие рәсімдеген алаяқ жігіт ұсталды

4 июня, 2021
0
Өзгенің атынан несие рәсімдеген алаяқ жігіт ұсталды

Кентау ҚПБ-ға бірнеше жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленушінің бірінің айтуынша, оның атынан белгісіз біреу онлайн-несие алып 135 мың теңге шығын келтірген. Ал, екіншісі арызданушының атынан 60 мың теңге алып, банкке қарыз еткен. Біраз уақыт өткен соң берешектері көбейіп, банктен хабар келгенде, жәбірленушілер тез арада тәртіп сақшыларынан мән-жайды анықтауға көмек берулерін сұраған. Аталған жайт СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.
Арызданушылардың шағымына сәйкес, орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында Кентау ҚПБ полицейлері қажетті іс-шараларды жүргізді. Тексеру жұмыстары нәтижесінде, полицейлер осы қылмысқа қатысты күдіктіні анықтап, оны тұрғылықты мекенжайынан ұстады. Алаяқтық жасаған жас жігіт жәбірленушілердің танысы болып шықты — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Осы істі соңына жеткізіп, алаяқтық қылмысының ақ-қарасын ажыратып, нақты дәлелдерді табуда Кентау ҚПБ-ның тергеу бөлімшесінің қызметкерлері қарқынды қызмет жасады. Тергеудің кәсіби жүргізіліп, күдіктінің өз кінәсін мойындауында тергеуші полиция аға лейтенанты Айдос Алпысбай: «Анықталғандай, күдікті азамат таныстарына хабарласып, олардың банктік кәртішкелерінің нөмірлерін сұраған. «Біреу ақша салатын еді» деген сылтаумен жәбірленушілердің нақты мәліметтерін алған алаяқ, одан ары өз арам ойын жүзеге асырған. Жәбірленушілердің атынан банкке сұраныс жіберіп, мақұлдау алған. Содан шағымданушылардың есепшотына түскен ақшаны өзіне аудартып алады. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, жинақталған іс-құжаттары айыптау актісімен сотқа жолданды»-деп атап өтті.
Алайда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылық бойынша күдіктінің жәбірленушілермен татуласқанына және оларға келтiрiлген шығын қалпына келтіруіне байланысты, қылмыстық жауаптылықтан босатылып, оған қатысты қозғалған қылмыстық іс өндірістен тоқтатылды.
Түркістан облысы полицейлері азаматтарға өзіңізге қатысты жеке, құпия сандарды ешкімге бермеңіздер деп ескертеді. Банктік карточкаларыңыз бен жеке куәлігіңізге, жалпы құжаттарыңызға ұқыпты болыңыздар. Егер, осындай интернет-алаяқтығының куәсі немесе құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның «102» телефонына хабарласыңыздар.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

ShareTweetPin
Next Post
Полицейге пара ұсынған күдікті қамауға алынды

Полицейге пара ұсынған күдікті қамауға алынды

Бөтеннің қойын сатып жіберген  қойшы 3 жылға сотталды

Бөтеннің қойын сатып жіберген қойшы 3 жылға сотталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым