Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және Мәдениет саласы қызметкерлерінің төл мерекесі қарсаңында Қазығұрт ауданы Мәдениет сарайының концерт-миссері Бақыт Тастанбеков арнайы марапатқа ие болды.
Қазығұрт АПБ-ның бастығы полиция подполковнигі Ерлан Тасболатов Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбековтің атынан алғыс хат тапсырды — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Бақыт Тастанбеков аудандық «Арай-2009» жас эстрада әншілерінің байқауында I орынға ие болып, аудандық “Мәдениетім – мерейім» байқауында «Актерлік шеберлігі үшін» номинациясымен марапатталған. 2009 жылы Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауында II орын, ал 2013 жылы аудандық мәдени іс – шараларды жүргізушілердің байқауында бас жүлдені қанжығасына байлап, облыстық байқауға жолдама алған.
Талантты жігіт тәртіп сақшыларымен де әріптестік байланысты бекем орнатқан. Қоғамдық іс шараларға белсенді қатысып, мәдени жұмыстардың жоғары деңгейде өтуіне өзіндік үлесін қосып келеді , Әсіресе, «Құқық қорғау қызметі саласының» имиджін көтеруге белсенді түрде еңбек етуде. Аудан көлемінде өтетін әрбір іс шарада жүргізушілік қызмет атқарады. Сондай-ақ ән айтып, көпшілікті өз өнерімен тәнті етуде.




