Қазіргі таңда пәтер ұрлығы елімізде жиі орын алуда. Десекте осы ұрлық түрінің алдын алып, болдырмау мақсатында, полиция қызметкерлері қарқынды іс-шараларды жүргізуде. ҚР ІІМ-нің «Мүлікті қорғау жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған» бағдарламасын облыс көлемінде іске асыруда түркістандық тәртіп сақшылары жүйелі жұмыстар атқаруда — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Мысалы, Түркістан облысында 2021 жылдың 4 айында жалпы 475 ұрлық жасалса, оның 131-і, яғни 27,6% пәтер ұрлығы болып отыр.Бұл сандарды өткен жылмен салыстырар болсақ, 38,2%-ға төмендеген. Бұның барлығы полицейлердің профилактикалық жұмыстарының оң нәтижелері болып табылады. Сонымен қатар жыл басынан бері пәтер ұрлығы қылмыстарын жасаған 73 тұлға жауапкершілікке тартылып, 83 пәтер ұрлығы ашылды. Оның ішінде 4 қылмыстық топ құрықталып, яғни соттың шешімі бойынша күдіктілердің 2-еуі 2,5 жылға және 2-еуі 4 жылға шартты түрде бас бостандықтарынан айырылған. Ал қалған 5 күдіктіге қатысты құжаттар жинақталып, сотқа жолданды.
Өз кезегінде полицейлер тұрғындарға пәтер ұрлығының алдын алу үшін маман ретінде төмендегідей жағдайларды ескертеді:
1.Ұзақ мерзімге кетіп, үйді қараусыз тастаған жағдайда, көршілерден үйіңізді сіз келгенше қарап тұруын сұраңыз;
2.Оның ішінде көпқабатты тұрғын үйлерде тұратын азаматтардың пәтерлері бірінші немесе екінші қабатта орналасса, мүмкіндігінше терезелеріңізді темір тормен жабдықтаңыздар;
3.Есігіңізге сенімді механизмі бар құлып орнатыңыз;
4.Үйлеріңізге немесе аулаларыңызға мүмкіндігінше бейнебақылау жүйесі мен дабыл құрылғыларын оранатыңыз;
5.Өздерін жөндеу қызметінің немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырса да, қызметтік куәліктерін тексерусіз бөтен адамдарды үйлеріңізге кіргізбеңіз;
6.Балаларыңызға танымайтын адамға есік ашуға тыйым салыңыз.
ТО ПД-ның баспасөз қызметі




