102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Бала терезеден құлап кетпес үшін полицейлер бірқатар сақтық шараларын ұстануға кеңес береді

2 июня, 2021
0
Бала терезеден құлап кетпес үшін полицейлер бірқатар сақтық шараларын ұстануға кеңес береді

Соңғы жылдары баланың терезеден құлау жайттары жиі тіркеліп келеді. Себебі бұрын үйлерде ағаш терезелер болса, бүгінде олар кең таралған көздері үлкен терезелермен алмастырылған. Әсіресе оңай ашылатын және арнайы москит торы бар терезелер балалардың абайсызда құлап, мерт болуына бірден-бір себеп болып отыр. Сонымен қатар үйді желдету үшін де физикалық күшті аса қажет етпейтін терезелерді көпшілігіміз ашып қоямыз.
Сондай сәтте әрине бөлмеде ары-бері ойнап жүрген бала қызығып, терезеге шығады. Ал көпқабатты үйдің темір торы жоқ терезесінен одан кейін не боларын елестете беріңіз. Статистика бойынша терезеден құлап кететін балалардың жас шамасы 2-6. Сондай-ақ оқиғалардың көп бөлігі көктем-жаз мезгілдерінде жиі орын алады. Демек осы жағдайларды ескере отырып, полицейлер тұрғындарға балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мынадай кеңестерді ұсынады:
Егер терезенің қасында үстел немесе басқа да баланың мініп алуына ыңғайлы жиһаз тұрса, бала өміріне деген қауіп жоғарылай түседі. Себебі балаларда, әсіресе, қасында ата-анасы бар кезде қорқыныш сезімі болмайды. Сондықтан 1-2 минутқа алаңдап кетсеңіз болғаны, олар қайғылы жағдайға тап болуы мүмкін.
Бөлмедегі барлық терезеге оны 12,5 см-ден артыққа ашқызбайтын ілмек немесе қоршау қою қажет. Сондай-ақ ашылатын терезенің тұтқасын алмалы-салмалы етіп жасатуға болады: сол кезде бала терезені аша алмас үшін тұтқасын алып тастау жеткілікті.
Баламен терезенің алдында ойнамаңыз. Даладағы көліктерді, адамдарды көрсету үшін баланы терезенің алдына отырғызбаңыз. Ол қасында сіз жоқ кезде де солай отырып көруге болады деп ойлайды.
Терезелерде кездесетін москит торларға сенбеңіз. Ол бала салмағын көтермейді. Аз уақытқа болса да балаларды үйде жалғыз қалдырмау қажет — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар бала ата-анасының және отбасындағы басқа да ересек адамдардың әрекетін қайталайтынын және олардан үлгі алатынын ұмытпаңыз. Демек өзіңіз де терезенің алдына отырудан, терезеден басыңызды шығарып, төмен салбырап қараудан және терезе арқылы даладағы адаммен сөйлесуден аулақ болыңыз.
Әрдайым терезеге алыстан қарап, қатты жақындауға болмайтынын түсіндіріп жүріңіз. Қауіптілігін айтып жүруді әдетке айналдырыңыз!

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

ShareTweetPin
Next Post
Түркістан облысының полицейлері суға түсу ережелері мен алғашқы көмек көрсету шараларын түсіндірді

Түркістан облысының полицейлері суға түсу ережелері мен алғашқы көмек көрсету шараларын түсіндірді

«Қауіпсіз жол» іс-шарасы барысында 4 азамат көлік құралын басқару құқығынан айырылды

«Қауіпсіз жол» іс-шарасы барысында 4 азамат көлік құралын басқару құқығынан айырылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым