Жаз мезгілі келіп, күн ысыған сайын өзен-көлдер мен каналдарға барып суға түсушілер саны артады. Шомылу маусымы басталғаннан бері полиция қызметкерлерінің де жұмысы арта түсті. Осы тұста Ордабасы АПБ-ның қызметкерлері аудандық төтенше жағдайлар мекемесінің қызметкерлерімен бірлесіп, аудан аумағында өзендер мен көлді аумақтарға рейдтік шаралар жүргізілді.
Шара барысында қауіпті жағдайлардың алдын алу мақсатында белгіленбеген орындарда азаматтар мен жасөспірімдердің шомылуына тыйым салынды. Сонымен қатар суда шомылу мен алғашқы көмек көрсету ережелері таныстырылды — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Өз кезегінде облыс полицейлері кез келген су арықтарына, өзен-көлдерге, яғни белгіленбеген орындарға суға түспеуге шақырады. Балаларыңызға сақтық шараларын айтып, түсіндіріп отырыңыздар. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!
ТО ПД-ның баспасөз қызметі




