102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Құны 21 миллион теңгеден асатын өзгенің малын талан-таражға салғандарды құрықтады

31 мая, 2021
0
Құны 21 миллион теңгеден  асатын өзгенің малын талан-таражға салғандарды құрықтады

Сайрам аудандық Полиция басқармасына мал шаруашылығымен айналысатын жергілікті тұрғын арызданады. Ер адамның айтуынша, ол 37 бас ірі-қара малын (1-1,5 жасар ақ бас сұрыпты бұқа) Қырғызстан Республикасына сату үшін өзіне жақын таныс емес екі азаматқа сеніп тапсырады. Алайда 5 күндей уақыт өтсе де сенім білдірген адамдарынан хабар болмайды. Не малы қайтпайды, не ақшасын ала алмайды. Сол себепті осы істің ақ-қарасын ажырату мақсатында полицейлерге шағымданып, көмек берулерін сұрайды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 189-бабымен «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» тіркеуге алынды.
Орын алған қылмысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеген сайрамдық қырағы тәртіп сақшылары, шұғыл іздестіру шараларын жүргізеді. Жәбірленушінің жауабы, басқа да келіп түскен ақпарат көздері арқылы күдіктілердің жеке-басы анықталады. Полицейлер кінәлілердің ізіне түсіп, оларды Шымкент қаласына жасырынған жерлерінен ұстап, Полиция басқармасына жеткізеді. Күдіктінің екеуі де жергілікті тұрғын болып шықты.
Белгілі болғандай ұсталған екеу өздерінің басқа тағы 3 танысымен бірлесіп, яғни бесеуі құны 21 миллион теңгеден астам тұратын жәбірленушінің бұқаларын тиісті жерге апармай, Сайрам ауданында бірнеше адамға арзан бағаға сатып үлгерген. Ақшаларын бөліп алып, өз қажеттіліктеріне жаратқан. Бүгінде полицейлер өзгенің малын талан-таражға салған күдіктілердің екеуін қамауға алса, қалған үшеуіне қатысты іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Одан бөлек, тәртіп сақшылары ірі-қара малдарды сатып алған тұрғындардан 26 басын айғақты зат ретінде тәркілеп алып, заңды иесіне қайтарды — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Осы тұста Түркістан облысының полицейлері мал шаруашылығымен айналысатын азаматтарға өз мал-мүліктеріне барынша сақ болуды, кез келген адамдарға сеніп тапсырмауды ескертеді. Сонымен қатар құжатсыз мал тасымалдаумен айналысатын автокөліктерді анықтау жұмыстарын да назардан тыс қалдырмайтынын жеткізеді. Сондықтан төрт түлігімізге сақ болайық!

ТО ПД-ның баспасөз қызметі

ShareTweetPin
Next Post
Отырарлық оқушылар болашақта полицей болуды армандайды

Отырарлық оқушылар болашақта полицей болуды армандайды

Оңай жолмен ақша таппақ болған күдіктілерді қолға түсірді

Оңай жолмен ақша таппақ болған күдіктілерді қолға түсірді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым