Отырар АПБ полицейлерінің ұйымдастыруымен 1 маусым «Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай Отырар ауданы Шәуілдір ауылында орналасқан «Жамбыл атындағы мектеп-лицейінің 6-7-8-9 сынып оқушылары арасында «Мен полицей боламын!» атты тақырыпта шығарма жазу жарысы өткізілді. Жарыс барысында болашақ тәртіп сақшылары өздерінің армандарын ақ параққа түсірді. Отырар АПБ-ның қызметкерлері сайыс соңында балаларға армандарының орындалуына тілекші екендіктерін және полицей болулары үшін үздік оқу керектігін жеткізді.
Осы тұста біз де «Балаларды қорғау» күнімен барша бүлдіршіндерді құттықтай отырып, алға қойған мақсаттарың мен армандарың орындалсын деген ақ жарма тілек айтамыз!
ТО ПД-ның баспасөз қызметі




