Шымкенттік полицейлер пластикалық терезе жасап беремін деп алдап кеткен азаматты анықтады
2021 жылдың 26-мамырында Қаратау АПБ-на жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында үйіне О. есімді азамат пластикалық терезе жасап беремін деп, 500.000 теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп, қазіргі уақытқа дейін не ақшасын қайтармай, не пластикалық терезесін жасап бермей жүргенін жазып көрсеткен.
Қаратау АПБ КПБ-мен Шымкент қаласының 30 жастағы тұрғыны анықталып, жеткізілді. Тексеру амалдары жүргізілуде.
Егер Сіз алаяқтардың құрбаны болсаңыз, 102 телефонына тез арада хабарласыңыз.
Шымкент қаласының Полиция департаментінің Баспасөз қызметі
Шымкент қаласының ПД




