Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының нұсқауына сəйкес, Отырар аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Ермек Өсербаевтың төрағалығымен бөлімнің мəжіліс залында карантин режимі сақтала отырып, 2021 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша жедел кеңес өткізілді. Ауданның бас полицейі өз есептік баяндамасында: «Жалпы жыл басынан бері 4 ай ішінде полицейлердің нәтижелі жұмысының арқасында аудан аумағында қылмыс санының 63-тен 51-ге, яғни -19 пайызға төмендегенін айтты. Ал аса ауыр қылмыстар 50 пайызға, онша ауыр емес жане ауырлығы орташа қылмыстар 42,2 пайызға азайған. Бөтеннің мүлкін ұрлау фактісі -58,6 пайызға кеміген. Сонымен қатар, полицейлердің профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде 2021 жылдың 4 айында денсаулыққа ауыр зиян келтіру, пəтер ұрлығы, бұзақылық, қарақшылық, тонау, жасөспірімдермен жасалған қылмыстар орын алмаған. Тергеу саласы бойынша 27 қылмыстық іс өз мерзімінде сотқа жолданды»- деп Отырар ауданында жеке құраммен атқарылған жұмыс көрсеткіштеріне тоқталды полиция подполковнигі Ермек Өсербаев.
Оған қоса жиын барысында өздерінің қызметтік міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, атқарған адал қызметі мен үлгілі тәртібі үшін Отырар АПБ-ның бірқатар білікті де білімді қызметкерлері марапатталды — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Өз кезегінде полиция подполковнигі Ермек Өсербаев, халықтың тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында күні-түні қалтқысыз қызмет етуге уәде беріп, тұрғындарды заңды талаптарды сақтап, қылмыссыз аудан құруға өз үлестерін қосуға шақырды.
ТО ПД-ның баспасөз қызметі




