Қазақстан Респубикасы ІІМ-нің тапсырмасына сәйкес республикалық «Жолда қабылдау» акциясы аясында, 2021 жылдың 21-22 мамыр күндері Жетісай АПБ-нің ұйымдастыруымен Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі бойында «Жолда қабылдау» акциясы өткізілуде.
Акция барысында Жетісай АПБ-нің бастығы полиция полковнигі Ермахан Абдраманов, Жетісай АПБ бастығының КСЖ орынбасары полиция полковнигі Сәкен Жайлыбаев, Жетісай АПБ ЖПҚБ-нің бастығы полиция подполковнигі Мейрман Халықов, Жетісай АПБ ӘПБ әкімшілік шара көру аға инспекторы полиция подполковнигі Мамирайм Нұрманов және Жетісай АПБ көші-қон қызметі бөлімшесінің аға инспекторы полиция майоры Қанат Жұрқабаев қатысып, азаматтарды қабылдап, сұрақтарына жауап берді — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Жалпы акция аясында 23 азамат жүгініп, азаматтар тарапынан көшелерде жол белгілерін қою, мектептердің алдына және оқушылар өтетін көшелерде жасанды жол кедергілерін орнату, қоқыс тастайтын орындардың санын арттыру, жаңадан салынған жолдарда жолақтарды сызу туралы, сондай-ақ ІІО-на жұмысқа орналасу және отбасылық-тұрмыстық қатынастар жөнінде сұрақтар қойылып, Бөлім бастығы тарапынан тиісті қызмет басшыларына тапсырма беріліп, бақылауға алынды.
ТО ПД-ның баспасөз қызметі




