Түркістан облысы Полиция департаменті Кентау ҚПБ қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Абайлаңыз, балалар» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы болып өтті.
Кәмелетке толмағандардың кінәсінен және қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, сонымен қатар жасөспірімдерге жол жүру ережесін түсіндіру, олардың денсаулығы мен дене жарақатын алуына жол бермеу мақсатында өткен іс-шарада тәртіп сақшылары балаларға жол ережелерін түсіндірді — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ, алдағы каникул кезіндегі жағдайды тұрақтандыру үшін тұрақты түрде насихат жұмыстары атқарылуда. Атап айтар болсақ, әлеуметтік желілер мен жергілікті баспасөзде мақалалар жариялануда. Санитарлық нормалардың барлық талаптарын сақтай отырып, кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары мен олардың ата-аналарына 26 рет кездесу ұйымдастырылды. Ал,, білім беру органдарымен бірлесіп, 16 рет ата-аналар жиналыстары өтті. Мектептегі жас қозғалыс инпектор жасақтары автөкөлік құралдарының жүргізушілеріне жадынамалар мен жол тақырыбында жазылған балалар шығармаларын таратты.
Тәртіп сақшылары жол белгілерін ажырата білу, жаяу жүргінші жолағынан өткенде абай болу керектігін түсіндірді. Полицейлер балалармен бірге жолдан өтіп, көлік пен бағдаршамның, жолда жүру ережесін қатаң сақтаудың, жаяу жүргінші жолағының, қаншалықты маңызды екендігін айтып ұғындырды. Жолдан өтерде ұялы телефон ұстамауды және музыка тыңдамауды ескертті.
ТО ПД Баспасөз қызметі




