102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

«Салған ақшаңды көбейтіп беремін» деп тұрғындарды алдаған әйел ұсталды

18 мая, 2021
0
«Салған ақшаңды көбейтіп беремін» деп тұрғындарды алдаған әйел ұсталды

Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оны танысы ақша берсең, компаниялардың біріне салып, көбейтіп беремін деп алдап, қармағына түсірген. Яғни салған ақшаң әр апта, ай сайын 40 пайызбен еселеніп қайтарылатын болады деп сендіріп, 1,5 миллионға жуық ақшасын алып, қайтармай қойған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алынып, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
Тұрғынды алдап, қомақты ақшасын алып, ұшты-күйлі жоқ болған алаяқ әйелді ұстау үшін жетісайлық тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылды. Куәгерлерден жауаптар алынды. Оның баруы мүмкін деген жерлер мұқият тексерілді. Осылайша жедел-профилактикалық іс-шара барысында, ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке-басы мен оның жасырынған жері анықталды. Тәртіп сақшылары алаяқты Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен тауып, Жетісай АПБ-ға жеткізді. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.
Тергеу барысында аталмыш күдіктінің осыған ұқсас тағы бірнеше алаяқтық жайтына қатысы бары белгілі болды. Нақтырақ айтсақ, Шардара ауданында 1 тұрғынды және Жетісай ауданында 3 тұрғынды алдап, жәбірленушілерге 20 миллионнан астам шығын келтірген. Бастапқыда күдікті жәбірленушілерден азын-аулақ ақша алып, көбейтіп қайтарған. Осылайша тұрғындардың сеніміне кіріп, соңында қомақты ақша алған соң жасырынып үлгерген. Қазіргі таңда өз кінәсін толық мойындаған күдікті қамауда. Тәртіп сақшылары алдағы уақытта жәбірленушілердің саны көбеюі мүмкін екенін алға тартады. «Алаяқтық» бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға алаяқтардың айласына алданбай, барынша абай болуды ескертеді. Ақшаңызды, банк кәртішкеңіздің құпия сандарын ешкімге айтпауға және бермеуге кеңес береді.

ТО ПД-ның баспасөз қызметі

ShareTweetPin
Next Post
«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзушыларды анықтады

"Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзушыларды анықтады

Жолда қалған жолаушы патрульдік полицейлердің тарапына алғыс айтып, түсірген бейнежазбасын жариялады

Жолда қалған жолаушы патрульдік полицейлердің тарапына алғыс айтып, түсірген бейнежазбасын жариялады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым