102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Түркістандық полицейлер мерейлі отбасын мерекемен құттықтады

17 мая, 2021
0
Түркістандық полицейлер мерейлі отбасын мерекемен құттықтады

15 мамыр – Халықаралық отбасы мерекесіне орай Түркістан қаласының тәртіп сақшылары мерейлі отбасын құттықтап қайтты. Түркістан қалалық полиция басқармасында ақпараттандыру және байланыс тобының аға инспекторы болып қызмет атқаратын Гүлбану Батырова әріптестерін мерекелік дастарханмен күтіп алды. Өйткені нәзік жанды полицейдің отбасы бұл мерекені жыл сайын атап өтеді.
Жалпы полиция майоры Гүлбану 2013 жылы Ғазиз Қалдыбайұлы Жұмашевпен бас қосып, шаңырақ көтерді. Міне сол жылдан бастап олар баршаға мерейлі отбасының үлгісін көрсетіп келеді. Гүлбанудың өмірлік серігі Ғазиз де заң саласының маманы. Ол киелі Түркістан өңірінде ҚР Прокуратурасының құқықтық статистика арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Түркістан облысы бойынша басқармасында прокурор.
Қос қызметкер бүгінде көпбалалы отбасы атанып отыр. Даниял, Қайсар атты ұлағатты ұлдары мен Еркеназ, Сабина атты қызғалдақ қыздары өсіп келеді. Шенді ару Гүлбану енені сыйлап, әрқашан құрметтей білген көрегенді келін. Ол үшін екінші анасының алғысын алу әдетке айналған.
«Жан-жарымның анасы менің де анам, сол үшін ол кісіге жасаған жақсылығымызды балаларымыз көріп, ертеңгі күні олар да отбасынан алған тәлім-тәрбиені бойларына сіңіріп өседі. Сондықтан бірінші кезекте күйеуіміз екеуміз ұл-қыздарымызға үлгі болуымыз керек деп есептеймін, — дейді ол.
Ал Гүлбанудың енесі, Ғазиздың анасы Зөре Қамбарбекқызы болса: «Құдайға шүкір, мен келініммен бірге тұрып келе жатқаныма аз уақыт болған жоқ. Гүлбануым маған ешқашан дөрекі сөйлеген емес. Өте шыдамды, ибалы, салт-дәстүрді әркез ұстанып, менімен кеңесіп отырады. Мерекелерде сый-сияпатын беріп, үнемі құттықтайды. Жұмысым, бала-шағам деп қабақ шытқан емес. Жұмысына да, үйдегі тірлігіне де үлгереді», — дейді.
Біз өз кезегінде айрандай ұйып, татулықты ту еткен отбасыға ырыс пен ынтымақ тіледік. Еліміздің әрбір отбасында әрқашан бақыт, бақ-дәулет болсын. Мереке құтты болсын — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

ShareTweetPin
Next Post
Ордабасылық полицейлер мектеп оқушыларына жол ережесін таныстырып өтті

Ордабасылық полицейлер мектеп оқушыларына жол ережесін таныстырып өтті

Қоғамдық тыныштықты күзеткен – Абдраимовтар  отбасы

Қоғамдық тыныштықты күзеткен – Абдраимовтар отбасы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым