102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Ажал аузындағы адамды аман алып қалған түркістандық полицей

4 мая, 2021
0
Ажал аузындағы адамды аман алып қалған түркістандық полицей

«Шомылуға тыйым салынған аймақты тексеріп келе жатқан болатынбыз. Сол кезде судың ішінен «құтқарыңдар» деген жан ұшырған айқай шықты. Жалт қарасам, бір еңгезердей азамат суға батып бара жатып, көмекке шақырып жатыр екен. Ол жер өте қауіпті аймақ болатын, тереңдігі де біршама. Жылдам шешіндім де, суға гүмп бердім. Қасымдағы әріптесім Айдана «Шавкат бекем бол, сенің қолыңнан келеді» дейді даусы дірілдеп.Ол да мен үшін алаңдап тұр. Қауіпке бас тігіп бара жатқаннан соң бір жағынан жүрексіну де болды. Жүзіп бара жатып, санаулы сәттерде көз алдыма отбасым елестеді. Артқа қайтсам да болар еді, алайда әлгі дәрменсіз адамды неде болса құтқарып үлгеруім керек, себебі ол мен полицеймін! Осылайша өз-өзімді қамшылап, бар күш жігерімді салып жүздім. Суға түсуін түстім-ау, алайда, қалай құтқарып аламын, қай тұсынан ұстап алсам екеуміз де аман қаламыз, осы жағын ойламаппын. Бірер сәтте осындай түрлі ойлар санамды кезді. Жақындап қалғанда алдынан барсам маған қарай асылып, жүзуіме кедергі келтіріп, екеуіміз бірдей суға батуымыз мүмкін деп, бірден артқы жағынан айналып барып қармап қалдым. Иығыма әлгі дәрменсіз кісіні асып алып, жағаға сүйреп алып шықтым. Жағаға жеткен сәтте ғана оның сол маңдағы туыстары бізге қарай жақындады. Әлгі кісінің батып бара жатқанын көріп біраз адамдар абдырап қалған болатын, олар да маған қарай жүгіріп келіп, мені құшақтап, «Жарайсың батыр» деп артымнан қағып жатты. Ал мен болсам әлгі кісіні аман-есен құтқарып шыққаныма риза болып тұрмын. Мүлде таныс емес кісілердің аузынан «батыр» деген сөзді естіп, алғыс алғаныма ерекше қуандым…Ол кісі тірі қалды, енді өмір сүретін болады…», — дейді 2019 жылы орын алған оқиғасымен бөліскен Шардара аудандық полиция бөлімінің ювеналды полиция инспекторы Шаукат Ибадуллаев.
Шавкаттың ұлты тәжік. Ол өзінің Отаны Қазақстанға деген ыстық сезімінің арқасында туған еліне қызмет ету үшін ішкі істер саласын таңдады. Себебі Шаукаттың өсіп-өнген отбасы мен әулетінде ішкі істер саласында қызмет атқарған адам болған емес. Шаукат қана тәртіп сақшыларын көргенде қызыға қарап, полицей боламын деген балауса арманмен өсті. Оның жан-жары қазақ ұлтынан. Қазақтың қаракөз қызына ғашық болған бойдақ жігіт, Ермекбаева Әсем Асанханқызымен 2004 жылы отау құрады.
– Жан-жарым маған бақ болып келді деп есептеймін. Өйткені отау құрғаннан соң, 1 жыл ішінде мен ішкі істер саласына орналастым. Бүгінде алла берген 5 балапанды өсіріп отырмыз. Үлкен қызым Наргиза, одан соң мерейлім Мерей, үшінші қызғалдағым Мереке. Қыздардан соң екі ұлым бар. Үлкен ұлым Аңсар, оған серік болып дүниеге Ислам келді.
Шавкат өнерден де құр алақан емес. Оның ақындық қыры да бар. Ара-тұра шабыты келгенде өлең жазады. Өнерлі полицейлер арасында жыл сайын өтетін республикалық «Парасатты полицей» байқауында да талай жылдан бері сахна төріне шығып, түрлі образдарды сомдап келеді.
Сөзімізді қорытындылай келе, ішкі істер органы қатарында 15 жылдан астам уақыт бойы қызмет етіп келе жатқан майталман маман, елі үшін адал қызметін атқарып келе жатқан құтқарушы полицей Шавкатқа әркез сәттілік тілейміз. Еліміз аман, тұғырымыз биік болсын!

Түркістан облысы Полиция департаменті

ShareTweetPin
Next Post
Көлік нөмірінің орнына есімін жазып алған жүргізушіні жауапқа тартты

Көлік нөмірінің орнына есімін жазып алған жүргізушіні жауапқа тартты

Түркістан облысының полицейлері карантин режимінің сақталуын күнделікті бақылауда

Түркістан облысының полицейлері карантин режимінің сақталуын күнделікті бақылауда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым