102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Көлік нөмірінің орнына есімін жазып алған жүргізушіні жауапқа тартты

4 мая, 2021
0
Көлік нөмірінің орнына есімін жазып алған жүргізушіні жауапқа тартты

Түркістан облысының полицейлері түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау мақсатында, тұрақты түрде әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіп келеді. Осындай кезекті тексеру кезінде Сайрам ауданының полицейлері қала көшелерінің бірінде артқы мемлекеттік нөмірі тұратын орынға өзінің есімін қойып алған, онымен қоса жол бойында өзге көліктерден басып озу мақсатында қарсы бағытқа шыққаны түсірілген «Мерседес-Бенц» маркалы автокөліктің бейнежазбасын анықтады.
Аудандық полиция қызметкерлерімен аталған жүргізушіні табу бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Нәтижесінде автокөлік анықталып, оның иесі Ақсукент ауылының тұрғыны екені белгілі болды. Жас жігіт жол жүрісі ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің үш бірдей бабымен жауапқа тартылды. Олар, 590-бабы 4-бөлігімен «Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу», 593-бабы 2-бөлігімен «Жол жүрісі қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау», 596-бабы 2-бөлігімен «Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу». Қазіргі таңда жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзған жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабымен толтырылған әкімшілік хаттама бойынша жинақталған әкімшілік іс аудандық сотқа жолдануда.
Өз кезегінде жүргізуші кінәсін толық мойындап, жасаған әрекеттері үшін өкініп, алдағы уақытта мұндай бассыздықтарға жол бермейтінін жеткізді — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Түркістан облысының полицейлері автокөлік иелерін жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады. Жол қозғалысы ережелерін бұзудың соңы жүргізуші куәлігінен айыруға, әкімшілік қамауға немесе қылмыстық жауапкершілікке, сондай-ақ жүргізушілер мен жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан жолда жүргенде ережеге бағынып, қауіпсіздікті сақтауларыңызды сұранамыз. Осы орайда кейбір жүгенсіз жүргізушілерге құр мақтанға салынып, соңында опық жеп қалмаңыздар деп ескертеді.

ТО ПД-ның баспасөз қызметі

ShareTweetPin
Next Post
Түркістан облысының полицейлері карантин режимінің сақталуын күнделікті бақылауда

Түркістан облысының полицейлері карантин режимінің сақталуын күнделікті бақылауда

Дүкеннен түрлі тәттілер мен сусындарды ұрлаған шымкенттік екеу ұсталды

Дүкеннен түрлі тәттілер мен сусындарды ұрлаған шымкенттік екеу ұсталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым