ҚР ІІМ-нен келіп түскен нұсқау хатына сәйкес ұжымдағы моральды-психологиялық ахуалды нығайту және ішкі істер органдары жеке құрам арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу жұмыстарын күшейту мақсатында Түркістан облысы ПД жеке құрамына «Суицидтің алдын алу» жоспарына сәйкес, суицид жұмыс тобы құрылып, психологиялық, тәрбиелік мәні бар жұмыстар жүргізілуде.
Осыған байланысты Түркістан облысы ПД КСБ-ның инспектор-психологтары «Біз өмірді таңдаймыз» тақырыбында Түркістан облысы ПД ҚАПБ(Б)-не онлайн режимде бейнеселектор арқылы, Түркістан облысы «Емханасы бар Госпиталь» емханасының дәрігер-психиатр, психолог мамандарын шақыра отырып, дөңгелек үстел өткізілді. Аталған шара барысында жиынға қатысушыларға баяндамалар жасалып, бейнероликтер ұсынылды. Сонымен қатар жеке құрамға «Құндылықтар», «Күн», «Аңдар мен жәндіктер» атты жаттығулары жасалып, ойындар ойнатылып, жиын одан әрі қыза түсті.
Ұжым арасында моральдық-психологиялық климатты жақсарту үшін күнделікті басшының қызметкерлерге деген дұрыс қарым-қатынас жасауынан бастау алады, яғни халықтың сенім артқан азаматы екеніндігін айтып қызметкерлерге сәттілік тілеп, жұмыстарына адал атқаруға шақыру. Қызметкерлерді жұмыс нәтижесіне байланысты мадақтау, марапаттауда әсер етеді. Яғни, әрбір қызметкердің жақсы жұмыс жасауына мотивация береді — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Өз кезегінде полицейлер психологтардың өткізетін іс-шара, сабақтарына көңілдері толатынын айтып, алғыстарын білдірді.
ТО ПД-ның баспасөз қызметі




