Бүгінде тәртіп сақшылары төрт түлік барымташыларын құрықтау ісінде кәсібилігімен көрініп келеді. Дегенмен, өңірлерде мал ұрлығын кәсіп етушілер әлі де азаймай тұр.
Түркістандық полицейлер мал ұрлығын алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстарды үздіксіз жүргізіп келеді. Бәйдібек АПБ қызметкерлері Ағыбет және Шақпақ ауылдық округтеріне қарасты Жұлдыз, Алғабас, Ағыбет, Алғабас, Таңатар, Қазата ауылдарында болып, жергілікті тұрғындармен кездесті.
Жиында малдарды қараусыз қалдырмау керектігін айтқан тәртіп сақшылары бақташы ұстау қажеттігі бойынша кеңестер берді.
Қоралардың есіктерін дұрыстап құлыптап, мүмкіндік болса камера қою керектігін және жылқыларға арнайы чип орнатуды ұсынды. Қауіпсіздікті күшейтіп, ұрлыққа жол бермеуді түсіндірді — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Жануарлар қараусыз қалған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 408- бабының 1 бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқықбұзушылық бойынша шара көрілетіндігін жеткізді.




