Түркістандық учаскелік полиция инспекторлары көшедегі құқық бұзушылықтың алдын алуда қырағылықпен қызмет атқарып келеді. Қоғамдық орындарды ластаушыларды жазаға тартып, шаһар шырқының бұзылмауына да мол септігін тигізуде.
Сарыағаш АПБ-нің учаскелік полиция инспекторлары жүргізген профилактикалық жұмыстардың барысында қоғамдық орындарда орын алған ұсақ бұзақылықтар анықталды. Жемісті ауылы мен Сарыағаш қаласында пісте шағып, темекі шегіп көшені ластаған жергілікті түрғындардың әрекеті бейнежетонға түсіріліп, мұрағатқа алынды — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Аталған ұзақ бұзақылықтар бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 бабының 1 бөлігімен әкімшілік хаттама түзілді.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға қоғамдық орындарда тыныштықты сақтауды, тәртіпсіздікке жол бермеуді, қоғамдық орындарды ластамауды, мас халде өзгелердің мазасын алмауды ескертеді.
ТО ПД баспасөз қызметі




