102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Түркістан облысының полицейлері жоғалған 15 жасар қызды тапты

23 апреля, 2021
0
Түркістан облысының полицейлері жоғалған 15 жасар қызды тапты

Арыс аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданады. Әйелдің айтуынша, оның 15 жасар қызы мектептен тісімді емдетемін деп сұранып кетіп, содан із-түзсіз жоғалған. Ата-анасы өздігінен 2 күн бойы іздеп, таппағаннан кейін полицейлерден көмек сұраған.
Аталған хабарламаны алысымен полицейлер бірден іздеуге кіріседі. Хабар-ошарсыз кеткен жасөспірім қызды табу мақсатында, қажетті барлық шараларды жасайды. Көрген-білгендерден сұрастырады. Баруы мүмкін жерлер мұқият тексеріледі. Достарынан, туыстарынан жауап алынады. Жақын аумақтағы аулалар қаралады. Тәртіп сақшылары жасөспірім қыздың дін-аман табылуы үшін күн-түн деместен жедел-іздестіру шараларын атқарады. Осылай жан-жақты 2 тәулік бойы жүргізілген іздестіру жұмыстары барысында, жедел уәкілдер жасөспірімнің жүрген жерін анықтайды. Арыс қаласының көшелерінің бірінен қызды тауып, ата-анасына аман-есен табыстайды.
Тексеру барысында, жасөспірім қыз отбасылық кикілжіңнен қашып, бірнеше күн қаладағы аулалардың бірінен жасырынатын қуыс тауып алып, сонда далада қонып келгенін жеткізді. Қазіргі таңда оқушы қыздың ата-анасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабымен шара көру мәселелері қаралуда. Одан бөлек, 15 жастағы бойжеткеннің бұдан алдында бір рет үйінен кетіп қалғаны белгілі болды — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Өз кезегінде оқушының ата-анасы полицейлерге шынайы ризашылығын жеткізе отырып: «Өзіміз іздедік, таппадық. Полицейлерге хабарласып, олар күні-түні ұйықтамай соңында қызымызды тауып берді. Қызымызды табуға атсалысқан полицейлердің барлығының қырағылығына, кәсіби шеберлігіне тәнтіміз. Жұмыстары алға бассын!»-деп атап өтті
Түркістан облысының полицейлері ата-аналарға ескертеді: Жасөспірім балалардың мінез-құлқын бақылап, араласатын достарының кім екенін толық білу керек. Балаларға қатысты түрлі келеңсіз жағдайдың алдын алу үшін, олармен шынайы әңгімелесіп, досындай сырласу қажет. Егер де, сіз, жақыныңызды жоғалтып алсаңыз, уақыт өткізбестен бірден полицияның «102» нөміріне хабарласыңыз.

ТО ПД-ның баспасөз қызметі

ShareTweetPin
Next Post
Құжатсыз көлік басқарып келе жатып,  3 бірдей көлікті соққан жүргізуші ұсталды

Құжатсыз көлік басқарып келе жатып, 3 бірдей көлікті соққан жүргізуші ұсталды

Жылқы ұрлаған күдіктіні ұстады

Жылқы ұрлаған күдіктіні ұстады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым