Сарыағаш аудандық Полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі патрульдік полиция тобының қызметкері полиция лейтенанты Бақытжан Аханбаев өздеріне бекітілген аумақта қызмет атқару барысында, жолдың бойында бұзулы түрған автокөлікті көреді. Сарыағаштық полицейлер жолдың шетіне тоқтап, бұзулы тұрған көлікке жақындап, ақауын іздей бастайды. Соның нәтижесінде, көлікке ток келмей қалғанын анықтайды. Сондай-ақ тәртіп сақшылары «Фольксваген Гольф» маркалы автокөлікті жөндеп, оталып кетуіне көмектерін көрсетті — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Полицейлердің осындай ыстық қолдауы мен көмегіне бөленген жергілікті тұрғын үлкен алғысын білдірді. «Мына Сарыағаш ауданының полицейлері, менің оталмай тұрған көлігімді келіп оталдырып берді. Алғысым шексіз. Жұмыстарыңыз алға бассын!»-деп өз алғысын айтты.
Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Қашықтықты және маневр жасау ережелерін сақтау, жылдамдықты асырмау және қарсы жолаққа шықпау қажет. Жүргізушілер, үнемі жол қауіпсіздігі ережесін орындаса, тәртіпке бағынса, өз өмірі мен жолаушылардың өмірін сақтайтынын есте шығармағаны жөн.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі




