102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Түркістан облысында бірнеше мал ұрлаған үшеу қамауға алынды

19 апреля, 2021
0
Түркістан облысында бірнеше мал ұрлаған үшеу қамауға алынды

Мақтаарал АПБ-ның кезекші бөліміне «102» нөмірі арқылы жергілікті тұрғын хабарласқан. Ол азаматтың айтуынша, кешкі сағат 20:00 шамасында Мақтаарал ауданы Достық ауылына қарасты егістік алқапта жайылып жүрген 2 бас ірі қара малын белгісіз азамат ұрлап кеткенін көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 250 000 теңге. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша СДТТБТ-ға тіркеп, қылмыстық істі ашуға бірден кірісіп кетті.
Ақпарат алысымен Мақтаарал қаласының тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылып, оқиға орнына жетті. Тәртіп сақшылары жақын маңдағы барлық аумақтар мен жайылымдарды аралап, куәгерлерден жауап алды, сондай-ақ мал сататын орындарды тексерді.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, полиция қызметкерлері мал ұрлығын жасағандардың ізіне шығып, аз уақыттың ішінде үш күдікті ер азаматты ұстады. Олардың барлығы жергілікті тұрғындар болып шықты. Күдіктілердің барлығы қамауға алынып, аталған жайтқа байланысты қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар тергеу барысында анықталғандай, күдіктілер бұл жайттан бөлек 3 тұрғынның малын ұрлап, оларға 500 000 теңгеден астам шығын келтірген. Олардың бірінің 1 бас өгізін, ешкіншісінің 2 бас сиырын, ал үшіншісінің 1 бас танасын алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Осылайша мал ұрлаған үшеу малдарды күдіктінің бірінің басқаруындағы «Ваз-2109» маркалы автокөлігінің жүк салғышына салып, кезек-кезек жымқырған. Барлық ірі қара малды біреуінің үйіне алып барып жасырып, сатпақ болған. Алайда полиция қызметкерлерінің қырағылығының арқасында, арам ойлары іске аспады.
Түркістан облысының полицейлері ауыл тұрғындарына қырағы болып, малдарын қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Шаруашылық аулалар мен қора-жайларды сенімді қоршаумен нығайтып, құлыптар мен жарық орнату қажет. Сондай-ақ, үй малына ен-таңба салдырып, бақташы жалдау керек. Егер, сіз, мал ұрлығының құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада «102» телефонына хабарласыңыздар.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі

ShareTweetPin
Next Post
«102» мобильді қосымшасы арқылы той тоқтатылды

«102» мобильді қосымшасы арқылы той тоқтатылды

Таксист алаяқтық жолмен әйелдердің ақшасын жымқырған

Таксист алаяқтық жолмен әйелдердің ақшасын жымқырған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым