Сарыағаш АПБ-не Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Меруерт Укиева өзінің қол сөмкесі мен ұялы телефоны таксиде қалып қойғанын, айтып, көмек сұрап келеді. Сарыағаштық тәртіп сақшылар бірден тіркеуге алып, іздестіру жұмыстарын бастап кетті. Жан-жақты тексеріп такси жүргізушісін іздейді. Нәтижесінде Сарыағаш аудандық полиция бөлімінде өндірістік тәжірибеде жүрген курсант Абзал Қошқаров 1 тәулік ішінде такси жүргізушісін тауып, әйелдің жоғалған қол сөмкесі мен ұялы телефонын заңды иесіне табыстайды.
Болашақ полицейдің қырағылығы мен көрегендігіне тәнті болған әйел, өз алғысын айтып жазбаша да қалдырған. «Құрметті Абзал Қошқаров! Сізді адал атқарған қызметіңіз үшін, өз атымнан, жанұямның атынан алғысымды білдіремін! Сіздей ұлды тарбиелеген әке-шешеңізге ерекше алғысымды білдіремін. Елімізде сіз секілді полиция қызметкерлері көп болса, тұрғындарға халыққа оңай болушы еді. Сізге, сіз қызмет атқарып отырған Сарыағаш аудандық полиция бөліміне рақмет!»-деп, өз ыстық лебізін білдірді — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Естеріңізге салсақ, Абзал Қошқаров Алматы қаласындағы ҚР М. Есболов атындағы Алматы академиясының 4 курс студенті. Ол өндірстік тәжірибеден өту үшін 3 айға Сарыағаш аудандық полиция бөліміне келген. Жас курсант Абзал Қошқаров бұл жағдайды өзінің қызметтік міндетім деп санайтынын жеткізді. Ал Абзалдың өзі: «Халыққа көмектесу, халықтың тынышығын сақтау полицейлердің басты міндеті дейді!»
ТО ПД баспасөз қызметі




