102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Төлебилік полицейлер тұрғынның автокөлігін заңсыз айдап кеткен күдікті жас жігіттерді ұстады

13 апреля, 2021
0
Төлебилік полицейлер  тұрғынның автокөлігін заңсыз айдап кеткен күдікті жас жігіттерді ұстады

Төлеби АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып келген. Онда түнгі сағат 1:30 шамасында, өзінің үйінің ауласында тұрған «Опель-Вектра» маркалы автокөлігін белгісіз азамат заңсыз басқарып кеткенін көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 800 000 теңгеге жуық. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша СДТБТ-ға тіркеді.
Қылмыс орнына келген Төлеби АПБ жедел-тергеу тобының қызметкерлері айналаны мұқият тексерді, сондай-ақ басқа да жедел іс-шараларды өткізді. Тәртіп сақшылары жақын маңдағы аулаларды аралап, куәгерлермен сұхбаттасып, көшедегі бейнебақылау камераларын тексерді. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, тәртіп сақшылары күдіктілерді жергілікті мекенжайынан ұстады. Жедел уәкілдер қолға түскен күдіктілерді аудандық полиция бөліміне жеткізді. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілердің бас шарасы қолхатта — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Тергеу барысында анықталғандай, екі жігіт өзара келісіп, оңай жолмен олжа таппақ болған. Осылайша көшелерді аралап, тексеріп шыққан. Осы сәтте жәбірленушінің үйінің алдында тұрған автокөліктің есігі ашық қалып кеткенін байқап, оны заңсыз айдап кеткен. Қазіргі таңда ұрланған көлік заңды иесіне қайтарылды.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері автокөлік иелеріне көліктерін үнемі бекітіп жүруді ескертеді. Мүмкіндігінше көлікке қауіпсіздік дабылын орнатыңыз, бұл ұрыларды қорқытуға көмектеседі. Егер, Сіз, автокөлік ұрлығының құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада 102 телефоны бойынша полицияға хабарласыңыз.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

ShareTweetPin
Next Post
Карантин кезінде құдалық өткізген тұрғын анықталды

Карантин кезінде құдалық өткізген тұрғын анықталды

Түркістан облысында полицейлер табиғатқа залал келтірудің 31 әкімшілік құқық бұзушылығы мен 2 экологиялық қылмысын анықтады

Түркістан облысында полицейлер табиғатқа залал келтірудің 31 әкімшілік құқық бұзушылығы мен 2 экологиялық қылмысын анықтады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым