Түркістан облысында той өткізу тоқтамай тұр. Карантин режимін және шектеу шараларын сақтау мақсатында құрылған мобильді топ рейд жұмыстарының барысында құдалық өткізіп жатқан тұрғынды анықтады.
Жетісай ауданы, Жетісай қаласында орналасқан тойханалардың бірінде 50-ден астам адамды жинап, «Құдалық той» өткізуші мен тойхана иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша іс-құжаттар жинақталып, заңды шешім қабылдау мақсатында аудандық СЭББ-ге жолданды.
Тәртіп сақшылары аталған тойханада екінші рет жиын өткенін анықтады. Заңды түрде шара көрілгеніне қарамастан, карантин талаптарын сақтамағын үшін тойхана иесіне қатысты құжаттар екінші рет аудандық СЭББ-ге жіберілді — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Түркістан облысы Полиция департаменті карантин режимі кезінде бекітілген талаптарды орындамай, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіретін азаматтар тиісті жазаға тартылатынын ескертеді. Сондықтан Бас санитарлық дәрігердің қаулысының талаптарын қатаң сақтау, бетперде кию және арақашықтықты сақтауды естен шығармаңыз.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі




